Ақпарат

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ КЕЛЕС АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев жұмыс сапарымен Келес ауданына барып, аудан тұрғындары, зиялы қауым өкілдері және жастармен кездесті. Бұл кездесу ашық диалог орнату және тұрғындармен пікір алмасу мақсатында ұйымдастырылды. Кездесу барысында Ертай Алтаев мемлекет басшысының бастамалары мен тапсырмаларын түсіндіру жұмысын жүргізіп, облыста атқарылып жатқан тірліктер туралы баяндады.

Кездесуде қатысушылар облыс әкімінің орынбасарына түрлі ашық сауалдар қойып, өздерінің алаңдаушылықтарын білдірді. Тұрғындар ел тұтастығын сақтау, инфрақұрылым, ауыз су мен жол сапасы, газдандыру, білім беру мен денсаулық сақтау саласы, сондай-ақ жастарды жұмыспен қамту сияқты бірқатар маңызды мәселелерді көтерді. Зиялы қауым өкілдері елдің болашағы мен ауданның әлеуетін арттыру жөнінде пікір білдіріп, өз ойларын ортаға салды. Ал жастар мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік қолдау мен мүмкіндіктер жайында сұрақтар қойып, түрлі ұсыныстарын білдірді.

Кездесу соңында Ертай Кенжебекұлы жергілікті атқарушы билік пен құзырлы орган өкілдерінің қатысуымен мәжіліс өткізді. Мәжіліс барысында қоғамдық-саяси ахуалдың жай-күйі сараланып, этносаралық ынтымақ пен бірлікті нығайту жолдары талқыланды. Сонымен қатар, күн тәртібінде Шұқырсай елді мекеніндегі тіркелген кемшіліктер мен шешімін күткен мәселелер қаралды. Әр сала бойынша сын-ескертпелер айтылып, Ертай Алтаев жауаптыларға жұмысты жандандыру жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Айта кетсек, алдағы уақытта дәл осындай ашық форматтағы кездесулер жалғасын табады. Бұл кездесулердің басты мақсаты – халықпен тұрақты байланыс орнатып, тұрғындардың талап-тілектерін тыңдау, мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан реформалар мен бағдарламаларды түсіндіру, сондай-ақ әртүрлі мәселелерді бірлесіп шешу болып табылады.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ

azatmedia

БІЛІМПАЗДАР БӘЙГЕСІ ЖАЛҒАСУДА

azatmedia

ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР – ӨЗГЕРІСТЕРДІҢ ЖАРШЫСЫ

azatmedia