Ақпарат

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ПОЛИЦЕЙЛЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 17 МЫҢНАН АСТАМ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫ АНЫҚТАДЫ

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы және «Заң және Тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Түркістан облысы полиция департаментінің қызметкерлері қоғамдық орындарды абаттандыру және экологиялық нормаларды бұзудың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарын жалғастыруда. Акцияның басты мақсаты – табиғатты қорғау, қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтарды қоршаған ортаны таза ұстауға шақыру.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында атқарылған шара жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп өткізілді. Шараның аясында полицейлер қоғамдық орындарда және демалыс аймақтарында рейдтер ұйымдастырып, тұрғындарға экологиялық нормаларды сақтау қажеттігін еске салды. Тәртіп сақшылары азаматтарға абаттандыру ережелерін бұзуға жол бермеу керектігін, қоқысты тек арнайы белгіленген орындарда тастау қажеттігін түсіндірді.

«Таза Қазақстан» акциясы барысында полиция қызметкерлері 17 мыңнан астам құқықбұзушылықты анықтады. Олардың ішінде 13 мыңнан астам факт қоғамдық орындардың ластануына байланысты болды. Бұл көрсеткіштер экологиялық сана мен қоғамның тазалыққа деген жауапкершілігін арттыру қажеттігін дәлелдейді. Сондай-ақ, абаттандыру ережелерін бұзу фактілері 4,3 мыңға жуық деректі құрады.

Полицейлер азаматтарды заң шеңберінде әрекет етуге, қоршаған табиғатты қорғауға және тазалық пен тәртіпке үлес қосуға шақырады. «Нөлдік төзімділік» қағидасы бойынша жүргізілген шаралар қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға және жайлы орта қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады. Түркістан облысы полиция департаменті бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыра отырып, тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруды мақсат етеді.

Акцияның мақсаты – халықтың экологиялық жауапкершілігін арттыру және оларды өз тұрғылықты жерлерін таза ұстап, табиғатқа құрметпен қарауға шақыру.

Қатысты жаңалықтар

В Шымкенте проходит неделя «ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ»

azatmedia

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА СУ ТАСҚЫНЫ САЛДАРЫ БОЙЫНША ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖИНАУ ОРЫНЫ АШЫЛДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖӘНЕ ҚОҚЫС ПОЛИГОНДАРЫН РЕТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

azatmedia