Ақпарат

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЗА ЖЕМІС ШЫРЫНДАРЫ ШЫҒАТЫН КӘСІПОРЫН ІСКЕ ҚОСЫЛУҒА ДАЙЫН

Шикизатты күтіп отырған «Түлкібас жеміс-жидектері» ауылшаруашылығы өндірістік кооперативі күзгі алманы пісуімен өз өндірісін бастамақ.

Бүгінгі таңда жалпы жоба құны 1 млрд. 1млн. теңгені құрайтын кәсіпорынның қажетті құрылғылары Қытай елінен толық жеткізіліп, тексеріліп, өндіріске толық дайын.

Аталған кәсіпкерлік нысанға бүгін аудан әкімі Асқар Естібаев, аудандық мәслихаттың төрағасы Серғали Сәрсенбаев, аудан әкімінің салаға жауапты орынбасары Ғани Құрманбай және жауапты бөлім басшылары арнайы барып, қазіргі таңда атқарылып жатқан жұмыстар барысымен танысты.

Аудан басшысы кәсіп иесі Бейбіт Төлешовпен бірге нысанды толық аралап, сұхбат құрды.

Қай кезде де кәсіпкерлікке қолдау көрсетуге дайын екенің жеткізген Асқар Сұлтанұлы жаста болса үлкен іске бас болып отырған кәсіпкерге сәттілік тіледі.

Айта кетерлік, кәсіпкердің өз алма бауынан терілген экологиялық тұрғыда таза жемістен ешқандай қоспасыз 7 түрлі шырын және т.б. өнім түрлері «Түлкібас» брендімен сауда қатарларына жол тартатын болады.

Кәсіпорын толық іске қосылған жағдайда 35 адамға жаңа жұмыс орны ашылмақ.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ АЙНАЛМА ЖОЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БИЫЛ БАСТАЛАДЫ

azatmedia

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА АЛМА БАУ АУМАҒЫ 3 МЫҢ ГЕКТАРДАН АСТЫ

azatmedia

Азаматтарының сұранысын дөп басқан жобалар

azatmedia