Ақпарат

ХАЛҚЫ ТЫҒЫЗ ОРНАЛАСҚАН АУЫЛДАРДЫҢ БАС ЖОСПАРЫ ҚАРАЛДЫ

Бүгін Түлкібас ауданының әкімі Асқар Естібаевтың төрағалығымен халық саны 5 мыңнан асатын Түлкібас, Састөбе кенті мен Балықты елді мекенінің бас жоспары егжей-текжейлі талқыланып, нақтылау және жаңарту мәселесі пысықталды.

Басқосуға жауапты бөлім мен ауылдық округ, кент әкімдері жобалаушы мекеме өкілі және жауапты мамандар қатысты.

Кездесу барысында инженерлік-инфрақұрылым, тұрғын үй құрылысы, әлеуметтік нысандар мен көлік қатынасы сынды маңызды бағыттар қаралды. Жергілікті халықтың сұранысына сай инфрақұрылымды тиімді дамыту – басты назарда болды.

Аудан басшысы бас жоспар – ауылдың келешек дамуының негізі екенін атап өтіп, жоспарлау кезінде халықтың, ауылдан сайланған депутаттардың пікірі мен ұсыныстарын ескеру қажеттігін тапсырып, жоспарды тағыда бір толық қарап, пысықтап, нақтылауды ескертті.

Айта кетерлік, бүгінгі таңда ауданымызда 59 елді мекен бар. Соның ішінде 4 елді мекенде халық саны 5 мыңнан асатын болса, 55 елді мекенде тұрғындар саны 5 мыңға дейін тіркелген.

Қатысты жаңалықтар

СОЗАҚ: АУЫЛДАР МЕН ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕ ІШКІ ЖОЛДАРДЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

azatmedia

САУРАНДА КӘСІПКЕРЛЕРМЕН ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНҒАН ЖИЫН ӨТТІ

azatmedia

СОЗАҚ АУДАНЫНДА ОБЛЫСТЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ЖОЛ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

azatmedia