Ақпарат

САРЫАҒАШ: ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ АРНАЙЫ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

Бүгін Сарыағаш ауданына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Темір Қырықбаев арнайы іссапармен келді.

Алдымен Темір Қырықбаев «AMANAT» партиясы Сарыағаш аудандық филиалында аудан әкімі Арман Абдуллаевпен бірге аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға Түркістан облыстық мәслихат депутаттары Жәнібек Сүлейменов, Уалихан Рахиев, Түркістан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Күмісбек Жаппаров және аудандық партия филиалының төрағасы Шермат Ибрагимов, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары мен қала және ауылдық округ әкімдері қатысты. Тұрғындар халық қалаулысына тұрғын үй мәселесіне қатысты, ауыз су және әлеуметтік мәселелерге қатысты сауалдарын жолдады.

Қабылдау барысында бірқатар мәселелерге аудан басшысы заң аясында жауап беріп, шешу жолдары қарастырылды. Бірқатар мәселелерді Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісі депутаты өз бақылауында ұстайтынын айтты.

Сонымен қатар,Темір Қырықбаев аудандық мәслихат депутаттарымен кездесті. Еркін форматта өткен кездесуде фракция мүшелері аудандағы түйткілді мәселелер бойынша ұсыныстары мен сұрақтарын ортаға салып, пікір алмасты. Сонымен қатар, аудан басшысы ауданға қарасты ауылдардың инфрақұрылымын жақсарту, ауыз сумен және газбен қамту, мектептер және әлеуметтік нысандар құрылысы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті.

Қатысты жаңалықтар

ОРДАБАСЫДА ЖЫЛЫНА 30 МЫҢ ТОННА АЛЮМИНИЙ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ САЛЫНУДА

azatmedia

ҚАЗЫҒҰРТ: МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ АТА-АНАЛАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫН КӨБЕЙТУ МӘСЕЛЕСІ КҮН ТӘРТІБІНЕН ТҮСПЕЙДІ

azatmedia