Ақпарат

САРЫАҒАШ: АҚЖАР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ БОЙЫНША ЖОБАЛАР ІСКЕ АСУДА

Бүгін Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Ақжар ауылдық округінің Ақжар елді мекеніндегі инфрақұрылым бағытында атқарылып жатқан құрылыс жұмыстарын пысықтады. Мердігерге құрылысқа пайдаланылатын материалдардың сапасына аса мән беруді, мерзімінде халық игілігіне пайдалануға беруді тапсырды. Ауылдық округ әкімі Серік Спатаев жұмыс барысын жіті бақылауды, тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныстарды ескеруді жүктеді.

-Ескерту айтылмайтындай етіп жұмысты аяқтаңыз. Қазақта жақсы сөз бар: “Көтере алмайтын шоқпарды беліңе байлама” дейді. Әрбір міндетті жауапкершілікпен орындау керек, — деп Арман Абдуллаев мердігерге нақты тапсырмалар беріп, құрылыс жұмыстарының сапасын үнемі бақылауда ұстайтынын, және талапқа сай орындалмаған жобаларға қатаң шара қаралатынын ескертті.

Ақжар елді мекеніне қарасты Д.Қонаев көшесінің бойындағы су ағар науаларын ауыстыру жұмыстары басталды. Аталған жоба бойынша сметалық құжаттар әзірленіп, қаржы қаралды. Қазіргі таңда, мердігер тарапынан ұзындығы 2300 метр аумақты қамтитын құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, Ақжар ауылдық округімен шекаралас Дербісек ауылдық округі арқылы өтетін облыстық маңызы бар жолдың бойындағы тазалық бойынша аудан басшысы тарапынан айтылған ескертулер мен тапсырмалардың орындалу барысын бақылады. Дербісек ауылдық округ әкімі Дәулет Артықбайға тазалық жұмыстарын басты назарда екенін атап өтіп, жұмысты жүйелендіруді, жіті бақылауда ұстауды тапсырды. 

Қатысты жаңалықтар

ТҮЛКІБАСТА АУДАННЫҢ АЛТЫ АЙДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

Асхат Аймағамбетов балалық шағын айтып берді

azatmedia

ОКОЛО 800 СОЛДАТ СДЕЛАЮТ СВОЙ ВЫБОР

azatmedia