Ақпарат

ТҮРКІСТАН: ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін Түркістан облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Байділдә Жылқышиевтің модераторлық етуінде күн тәртібіне он төрт мәселені шығарған Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Осы жиынға облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов, облыстық Қоғамдық кеңес мүшелері, облыстың тиісті басқарма басшылары мен масс-медиа өкілдері қатысты.
Күн тәртібіндегі алғашқы екі мәселе бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан алғашқы болып Түркістан облысы жолаушылар көліігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Мейіржан Джалаиров «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, автомобиль көлігі салаларында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша,жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру» және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Превенция басқарма басшысының орынбасары Сәбит Әсілбек «Жол құрылысы саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау нәтижесі туралы» бойынша ауқымды баяндамалар жасаса, Қоғамдық кеңестің ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, құрылыс және коммуналдық салаларының дамуы жөніндегі комиссия төрағасы Керімхан Қадырбеков облыс көлеміндегі автомобиль жолдары және жалпы жол шаруашылығы жағдайына жалпы сипаттама беріп, бұл саладағы кейбір маңызды мәселелерге жеке тоқталып, кемшіліктерге назар аудара отырып, бірқатар ұсынымдар мен ұсыныстарын ортаға салды.
Қоғамдық кеңес мүшелері баяндамаларды талқылау барысында баяндамашы азаматтарға сұрақтар қойып, өз пікірлері мен ұсыныстарын айтты.
​Сонымен қатар Қоғамдық кеңестің отырысында :

  • «2023-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 13 желтоқсандағы №7/85-VІII шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Түркістан облыстық мәслихатының шешім;
  • «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы»Түркістан облыстық мәслихатының шешім;
  • «»Түркістан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 12 шілдедегі №141 «2024-2025 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Түркістан облысы әкімдігінің қаулы жобасы.
    «2024-2025 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы» Түркістан облысы әкімдігінің қаулы;
    -«»Түркістан облысы ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың Қағидаларын бекіту туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 19 наурыздағы №3/28-VIІ шешімінің күші жойылды деп тану туралы» Түркістан облыстық мәслихатының шешім;
  • «»Түркістан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 1 шілдедегі № 134 «Түркістан облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» қаулысына толықтыру енгізу туралы» Түркістан облысы әкімдігінің қаулы ;
  • «»Түркістан облысы Жетісай, Мақтаарал аудандарының және олардың ауылдық округтерінің шекараларын өзгерту және белгілеу туралы» Түркістан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 20 қыркүйектегі № 205 бірлескен қаулысы және Түркістан облысы мәслихатының 2023 жылғы 11 қыркүйектегі № 5/66-VIII шешіміне толықтыру енгізу туралы» бірлескен Түркістан облысы әкімдігінің қаулысы және Түркістан облыстық мәслихатының шешім;
  • «»Бейнеу-Бозой-Шымкент* магистральды газ құбыры бойында орналасқан «Түркістан» компрессорлық станциясының күзет аймағын белгілеу туралы» Түркістан облысы әкімдігінің қаулы;
  • «»Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 82 «Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағын белгілеу, қорғау аймағында табиғат пайдаланудың мөлшері, шекарасы, режим түрлері және тәртібі туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Түркістан облысы әкімдігінің қаулы;
  • «»Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 24 шілдедегі № 200 «Су нысандарының су қорғау аймақтары мен белдеулерін, оларды шаруашылықта пайдалану режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Түркістан облысы әкімдігінің қаулы ;
  • «»2024-2025 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2024 жылғы 10 маусымдағы № 108 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Түркістан облысы әкімдігінің қаулы;
  • «»2024-2025 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы» Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2024 жылғы 21 тамыздағы № 167 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Түркістан облысы әкімдігінің қаулы жобалары қаралып талқыланған соң, қабылдануларына Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан келісімдер берілді.
    Б.БЕЙСЕМБАЕВ,
    Түркістан облыстық Қоғамдық кеңес мүшесі

Қатысты жаңалықтар

Нағыз еңбек адамы – ел ішінде

azatmedia

ПАРТИЯНЫҢ ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛЫ ПРОАКТИВТІ ҚЫЗМЕТІН ЖАЛҒАСТЫРАДЫ

azatmedia

Қазақстанда пневмонияға шалдыққан сырқаттар саны 27 мыңнан асты

azatmedia