Ақпарат

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: САРЫАҒАШТА ЖАЛПЫ АУДАНДЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық науқаны аясында сонымен қатар, «6 шілде – Астана қаласының күні» мерекесіне орай, бүгін Сарыағаш ауданында ауқымды сенбілік жұмыстары өткізіліп, республикалық маңызы бар, облыстық және аудандық маңызы бар тас жолдарының бойымен ішкі көшелерде тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілді.

Сенбілік жұмыстарына аудан әкімі Арман Абдуллаевпен бірге таңғы сағат 8:00-ден бастап 13 ауылдық округ пен қала , бөлімдер мен мекемелер, мемлекеттік және қоғамдық қызметкерлер, аудан жастары мен еріктілер белсене қатысты.

– Сіздерді «6 шілде – Астана қаласының күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекет басшысының бастамасымен ұйымдастырылып жатқан «Таза Қазақстан» науқанын қолдау мақсатында ,сондай-ақ ауданымыздың тұрғындары арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында аудан аумағында сенбілік жұмыстары қарқынды түрде ұйымдастырылуда. Бүгінде тазалықты сақтау күнделікті өмір салтына айналдыру қажет. Туған жерімізді таза ұстау өзімізге байланысты, барша тұрғындарды тазалық жұмыстарына белсене атсалысуға шақырамын! – дей келе, тазалық жұмыстары жыл бойы жалғасын табатынын атап өтті.

Аудан әкімінің бастамасымен өткізілген қарқынды тазалық науқаны барысында көшелердің бойында жинақталған, бей-берекет тасталған күл-қоқыстардан тазарту жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, шөптер орылып, қураған ағаш бұтақтары кесілді.

«Таза Қазақстан» науқанының мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» тұжырымдамасы негізінде отансүйгіштікті, табиғатты қорғауға, қоршаған ортаға деген жанашырлық құндылықтарын дәріптеу.

Қатысты жаңалықтар

БИЫЛ ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА 5 СПОРТ КЕШЕНІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТІК ЖАС ТҮЛЕК ЕУРОПА ЕЛДЕРІНЕ ОҚУҒА ШАҚЫРТУ АЛДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: АУЫЛДАРДЫ ДАМЫТУ, ЖАУАПТЫ МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ЖҰМЫСЫН ЖАНДАНДЫРУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia