Санатталмаған

ТӘРТІП ПЕН ТАЛАПҚА БАҒЫНСАҚ, КОРОНАВИРУСТЫ ЖЕҢІП ШЫҒАМЫЗ

2020 жылдың 7 маусымында Шымкент қаласының аумағында карантин және шектеу шараларын ұзарту туралы, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №20 коронавирусты инфекциясымен сырқаттанушылықтың Шымкент қаласында өсуіне байланысты, өңірлік комиссияның шешімі мен қаулысы шықты.

Бұл ретте Шымкент қаласының аумағында 2020 жылы 8 маусымынан бастап 2020 жылдың 22 маусымына дейін карантин және шектеу шаралары ұзартылды. Осы орайда мамандар тарапынан COVID-19 індетінің тұрғындар арасында таралуына жол бермеу мақсатында карантиндік талаптарды қатаң сақтау керектігі, аса қажеттіліксіз қала аумағында қозғалу шектеуді, сауда-ойын орталықтарының, кешендерінің, сауда үйлерінің аумағында орналасқан кинотеатрлар, балалардың ойын алаңдарының, мұз алаңдарының, батут және фудкорттардың жұмысын бастауға жол берілмеу ескертілді.

Айта кетсек, қала тұрғындары COVID-19 таралуына жол бермеу мақсатында келесі карантиндік талаптарды орындауы қажет:

– қоғамдық орындарында, оның ішінде қалалық қоғамдық көліктерінде және қызметі рұқсат етілген нысандарына бетперделерді кию, қызмет көрсету кезінде қолғаптарды киіп жүру антисептиктерді қолдану және әлеуметтік қашықтықтың сақталуы бойынша талаптар қатаң сақтау. Халыққа қызмет көрсету нысандары қосымша өз қызметкерлерін бір рет қолданатын қолғаптармен және қажеттілігіне сәйкес ауыстыру қамтамасыз етуді;

– аса қажеттіліксіз қала аумағында қозғалу шектеуді;

– меншік нысанына қарамастан кәсіпкерлік субъектілері мен ұйымдары, персонал мен келушілердің санитариялық-карантиндік талаптарын және шектеу шараларын сақтауға қатаң бақылау қамтамасыз етуді;

– қоғамдық автокөліктерге жолаушылар бетпердесіз кіргізілмеуді;

– қалада қоғамдық автокөліктердің қозғалысы жолаушылардың ағымын ескере отырып қамтамасыз етуді;

– қалада қоғамдық автокөліктердің орындарынан артық жолаушылар тасымалданбауды;

– қоғамдық көліктерде санитариялық-дезинфекциялық жұмыстар күшейтуді;

– Шымкент қаласының аумағындағы барлық базарларының (азық – түлік, азық-түлік емес, құрылыс тауарлары, автобөлшектер, автокөлік, мал базарлары) жұмыс уақытын сағат 06.00-ден сағат 19.00-ге дейін шектеуді;

– қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс уақыты 23.00-ге дейін бекітуді;

– кәсіпкерлік субъектілері мен ұйымдары меншік нысанына қарамастан карантиндік және санитариялық-эпидемияға қарсы талаптарының орындалуы күшейтуді;

– сауда-ойын орталықтарының, кешендерінің, сауда үйлерінің аумағында орналасқан кинотеатрлар, балалардың ойын алаңдарының, мұз алаңдарының, батут және фудкорттардың жұмысын бастауға жол берілмеуді;

– денсаулық сақтау және білім беру мекемелерінде, оның ішінде ҰБТ өткізілетін кезде карантиндік және санитариялық-эпидемияға қарсы талаптардың орындалуын күшейтуді қамтамасыз етуді;
– нысандарда және оларға қарасты аумақтарында адамдардың шоғырлануына жол берілмеуді;

– шомылу, демалыс орындарында адамдардың шоғырлануына жол бермеу бойынша шаралар қабылдауды;

– көпшілік іс-шараларды жеке үйлерде және басқа да орындарда (жалға алынған орындар, алаңдар, аулалар және т.б.) өткізілуіне жол бермеу шараларын қабылдауды;

– денсаулық сақтау және білім беру мекемелерінде, оның ішінде ҰБТ өткізілетін кезде карантиндік және санитариялық-эпидемияға қарсы талаптардың орындалуын күшейтуді қамтамасыз етуді.

Сондай-ақ, Қаулыға сәйкес Шымкент қаласының мемлекеттік мекемелердің және ұйымдардың, ұлттық компаниялар және кеңселердің басшыларына 50% кем емес қызметкерлерді (штат бойынша 30 қызметкерден көп болғанда) қашықтан жұмыс жүргізу тәртібіне өткізілмек.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 64 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАПҚА ТҮРЛІ ДАҚЫЛДАР МЕН МАЛ АЗЫҒЫ ЕГІЛГЕН

azatmedia

КЕНТАУДА МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢДАРЫНЫҢ САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

azatmedia

ШАРДАРА АУДАНЫНДА ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ ЖАЛҒАЙТЫН ЖАҢА ЖОЛ ТӨСЕЛІП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ, ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАРДЫҢ САПАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНЫП, ЖҰМЫС ЖАНДАНА ТҮСТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҮГЕРІНІ ТЕРЕҢ ӨҢДЕЙТІН ІРІ ЗАУЫТ САЛЫНУДА

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 ГЕКТАР АУМАҚТА ЕРЕКШЕ ЭКОПАРК САЛЫНЫП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру