Санатталмаған

КЕЛЕСТІК ШАРУА ҚЫЗАНАҚТЫҢ 40 ТҮРЛІ СОРТЫН ӨСІРЕДІ

AzatMedia. Түркістан облысы, Келес ауданы, Біртілек ауылдық округінде «Нұржан» шаруа қожалығы 2011 жылдан бері жылыжай кешенімен айналысып келеді. Онда қызанақтың 40 түрлі сорты егіледі. Атап айтқанда, қызанақтың черри сортынан 10 түрі, үлкен қызыл қызанақтың 23 түрі, қызғылт сортынан 12 түрі бар. Қазіргі таңда шаруа қожалықтың іс басқарушысы Нұржан Омаров 4,5 гектар аумаққа қызанақ еккен. Одан күнделікті 15 тоннаға жуық өнім алуда. Осылай шаруа 6 ай бойы бейнетінің зейнетін көреді. Өнімін отандық нарыққа жөнелтуде.

Бұдан бөлек, жылыжай кешенінде баялдының 2 түрі, қияр, құлпынай өседі. Шаруа қожалықтың жалпы жер көлемі – 11 га. Жылыжай көлемі – 5,6 га. Бүгінде 10 адам тұрақты, 35 адам маусымды жұмыспен қамтылған. Кешеннің ерекшелігі – озық технологияны қолдана отырып тұрғындарды көкөніс және түрлі көшеттермен қамтамасыз ету. Айта кетерлігі, шаруа қожалық жылыжай кешеніне қажетті жабдықтарды да өзі өндірумен айналысады.

БАҚ өкілдеріне ұйымдастырылған пресс-тур аясында журналистер Келес ауданындағы қарбыз шаруашылығымен танысты. Жамбыл ауылдық округіндегі Ащыкөл елді мекенінде «Жамбыл» өндірістік кооперативі 80 гектар аумаққа қарбыз еккен. Отырғызылған көшеттер саны – 800 мың. Әр көшеттен 3,5-4 келі өнім алмақ. Жалпы өнім көлемі – 2,8 мың тонна. Кооператив өнімін отандық нарық пен Ресейге жөнелтеді. Жұмысшылар саны: 5 адам тұрақты, 60 адам маусымды.

Сонымен қатар, Келес ауданында суармалы жерлерді көбейту мақсатында канал, ашыртқы жүргізу жұмыстары қарқынды жүруде. Өңір аумағындағы каналдар мен қашыртқылардың көпшілігі Келес өзенінен тарайды.

Сонымен қатар, көрші Өзбекстан Республикасымен қатар, Сарыағаш ауданынан келетін су жүйелері бар. Өткен жылы жалпы ұзындығы 120 шақырымдық 28 канал мен 10 қашыртқы су жүйелеріне ағымдағы жөндеу және механикалық тазалау жұмыстары жүргізілген. Сол ілкімді істер биылғы жылы жалғасын тауып, өңір диқандарының сұранысы қанағаттандырылуда. Жалпы ұзындығы 68,6 шақырымды құрайтын 13 каналға механикалық тазалау және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін жоспарға сәйкес, ұзындығы 117,6 шақырымдық 24 канал мен қашыртқыларға тазалау жұмыстары жүргізілетін болады.

©Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 64 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАПҚА ТҮРЛІ ДАҚЫЛДАР МЕН МАЛ АЗЫҒЫ ЕГІЛГЕН

azatmedia

КЕНТАУДА МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢДАРЫНЫҢ САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

azatmedia

ШАРДАРА АУДАНЫНДА ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ ЖАЛҒАЙТЫН ЖАҢА ЖОЛ ТӨСЕЛІП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ, ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАРДЫҢ САПАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНЫП, ЖҰМЫС ЖАНДАНА ТҮСТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҮГЕРІНІ ТЕРЕҢ ӨҢДЕЙТІН ІРІ ЗАУЫТ САЛЫНУДА

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 ГЕКТАР АУМАҚТА ЕРЕКШЕ ЭКОПАРК САЛЫНЫП ЖАТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру