Ақпарат

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАЛАП ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, өңірде халықпен кері байланыс орнату және олардың талап-тілегіне жедел әрекет ету бағытында тұрақты жұмыстар атқарылуда. Бекітілген кестеге сәйкес, жеке қабылдаулар өткізіліп, тұрғындар көтерген мәселелер оңтайлы шешімін тауып келеді. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров кезекті рет жергілікті тұрғындарды жеке қабылдап, ұсыныстары мен мәселелерін тыңдады. Қабылдауға Түркістан қаласы, Отырар, Бәйдібек, Шардара аудандарының тұрғындары қатысты. Азаматтар инфрақұрылым, әлеуметтік қолдау, тұрғын үй, жұмыс және жер мәселелерін көтерді. Аймақ басшысы әрбір өтінішті назарға алып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді. Тұрғындардың өмір сапасын жақсарту бағытындағы жұмыстар жалғасады. Айта кетейік, жеке қабылдауға «еOtinish» бірыңғай базасы арқылы немесе «Ашық әкімдік» кеңсесіне келіп, жазбаша өтініш тастау арқылы жазылуға болады.

Қатысты жаңалықтар

САЙРАМ: ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

azatmedia

ШЫМКЕНТ: ТЕКЕСУ ТҰРҒЫН АЛАБЫНДА СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ҚУАТЫ 1000 МВТ БОЛАТЫН БУ-ГАЗ ҚОНДЫРҒЫСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia