Ақпарат

САРЫАҒАШТА КӘСІПОРЫН ТӘУЛІГІНЕ 10 ТОННА СҮТ ӨНІМІН ӨНДІРЕДІ

Сарыағаш ауданы Жібек Жолы ауылдық округіне қарасты Дихан баба елді мекенінде тәулігіне 10 тонна сүт өнімін өңдейтін кәсіпорын жұмыс істейді. “Jemisti Food” ЖШС сүт өнімдерін қайта өңдеп, ұлттық тағамдар – сары май мен құрт өндіруді қолға алынған. Кәсіпорынның тынысымен танысу үшін аудан әкімі Арман Абдуллаев арнайы барып, ұжымның еңбегіне оң бағасын берді. Сондай-ақ, жергілікті өндірістің дамуы аудан экономикасы үшін маңызды екенін атап өтті. Цех заманауи технологиялық құрал-жабдықтармен толық жабдықталған. Бұл өндіріс процесінің тиімділігі мен өнім сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Кәсіпорын Қазығұрт және Сарыағаш аудандарының тұрғындарынан жиналған 4 тонна сүтті өңдеп, дайын өнімді нарыққа шығаруда.“Jemisti Food” ЖШС-і жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға да айрықша мән беруде. Кәсіпорында 7 адам тұрақты түрде жұмыс істейді.Қызметкерлердің орташа жалақысы – 180 000 теңге.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ЭТНОС ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН «КІМ БІЛГІР?» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫ ӨТТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНАН АҚТӨБЕ ӨҢІРІНІҢ СУ БАСҚАН АЙМАҚТАРЫНА 30 ТОННА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРІЛДІ

azatmedia

ДАЛА МЕРЕКЕСІ: ҚАЗЫҒҰРТТА «ҚЫЗҒАЛДАҚ FEST» ӨТКІЗІЛДІ

azatmedia