Ақпарат

КЕЛЕС АУДАНЫН КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШІ 71 ПАЙЫЗДАН АСТЫ

Келес ауданында тұрғындарды табиғи газбен қамту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. Бүгінде аудан бойынша барлығы 83 елді мекен болса, соның 59-ы көгілдір отын жүйесіне қосылған. Бұл жалпы қамту көрсеткіші 71,1 пайызды құрайды. Қалған 24 елді мекенге де табиғи газ тарту мәселесі біртіндеп шешілуде. Атап айтқанда, 4 елді мекенде қазіргі уақытта құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр.Сонымен қатар, 9 елді мекенге магистралды газ құбырын тарту үшін қажетті жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, сараптамалық оң қорытындысы алынған. Бұл елді мекендер қатарына Бірлік ауылдық округіндегі Жаңатіршілік, Қосөткел, Үшағаш, сондай-ақ Ошақты округіндегі Бақшысай, Ынталы, Саттаров, Қаратал, Атақоныс және Жиделі ауылдары кіреді.Аудан орталығы Абай ауылында табиғи газбен қамту көрсеткіші 100 пайызға жеткен. Дегенмен, кейбір көшелер мен тұрғын үйлерде жіңішке диаметрлі газ құбырларын ауыстыру қажеттілігі туындап отыр. Осыған байланысты жаңа жобалар әзірлеу мақсатында сәулет-жоспарлау тапсырмалары дайындалуда. 

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: АЗАМАТТАРҒА БІР ЖЕРДЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ, ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТЕТІН КАБИНЕТТЕР АШЫЛДЫ

azatmedia

ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАР ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ФЛОАТ-ШЫНЫ ӨНДІРІСІН ІСКЕ АСЫРУДЫ КӨЗДЕП ОТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МЕКТЕП ЖИҺАЗДАРЫ САУРАНДА ӨНДІРІЛЕДІ

azatmedia