Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРА АУДАНЫНДА ШІРКЕЙГЕ ҚАРСЫ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Шардара ауданында шіркейге қарсы залалсыздандыру шаралары биыл сәуір айынан бастап жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Соңғы күндері кейбір елді мекендерде шіркейдің көбеюі байқалуына байланысты, дезинсекциялық жұмыстар күшейтілген режимде жүргізілуде.Нақтырақ айтқанда, бүгін Көксу ауылдық округінде дернәсілге қарсы залалсыздандыру шаралары жүргізілді. Жұмыс барысында ауыл ішіндегі көшелер, көгалды аймақтар мен ағаштар қамтылды. Бұл жұмыстарға 4 арнайы техника мен 6 қызметкер бүрку құрылғыларымен жабдықталып, жұмылдырылды. Залалсыздандыру жұмыстары Ұзыната ауылында жалғасты.Шіркейге қарсы күрес шаралары Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаевтың тікелей бақылауында. Аудан тұрғындарының жайлы өмір сүруін қамтамасыз ету мақсатында барлық қажетті шаралар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуды.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ МОБИЛЬДІ БРИГАДАЛАР САНЫ 200-ГЕ ЖУЫҚТАДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КЛИМАТЫНА БАЙЛАНЫСТЫ КӨШЕТТЕРДІҢ ЖЕРСІНУІ 50 % -ДАН АСПАЙДЫ

azatmedia

ҰЛТ САУЛЫҒЫ – ЕЛ БАЙЛЫҒЫ

azatmedia