Ақпарат

Қоғамдық тәртіпті қадағалау – басты міндет

Түркістан қаласы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қоғамдық тәртіпті қадағалау – басты міндет. Осы орайда Түркістан қалалық Полиция басқармасына мемлекет тарапынан барлық қолдау шаралары көрсетілуде. Оның айғағы ретінде қалалық полиция басқармасының бас ғимаратының күрделі жөндеуден өтіп жатқандығын айтуға болады.
Күні кеше Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы Полиция басқармасы ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарымен танысып, атқарылып жатқан тірліктерді бағамдап шықты.
Қала әкімі ғимарат пен жұмыс кабинеттерін аралау барысында полицейлердің құқықтық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайлар жасау қажеттігін атап өтті.
Сонымен қатар, шаһар басшысы алдағы уақытта ғимараттың жөндеу жұмыстарының толық аяқталуына әкімдік тарапынан қолдау көрсетілетінін жеткізді. Сондай-ақ күрделі жөндеу жұмыстарының сапасына баса назарда ұстауды ескертті.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА «ҮЛГІЛІ АУЫЛ» БАЙҚАУЫНДА ТОП ЖАРҒАН АУЫЛҒА СПОРТ ЖӘНЕ БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

azatmedia

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ӨЗБЕКСТАНДЫҚ ИНВЕСТОРЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

azatmedia

ЖАҢА МАЗМҰНДАҒЫ ЭНЕРГОКЕШЕН ҚАЛЫПТАСАДЫ

azatmedia