Ақпарат

АРЫСТЫҚ ҚАРИЯЛАР АҚ БАТАСЫМЕН ЕЛГЕ ЫРЫС ШАҚЫРДЫ

Қазақ халқы – бағзы заманнан үлкенін ардақтаған ел. Қариясын қазынаға балаған жұртымыз үлкендер айтқан ақылды өмірдің бағдары деп біледі. Расында бүгінгінің ақсақалы қандай? Алдыңғы толқын ақсақалдар қандай өнегелі ісімен танылып отыр? Ақсақалдың айтар ақылы қандай? – деген сауалдарға жауап іздеу мақсатында «AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалы «Ардагерлерді ардақтайық» және «Ұлттық мұра» партиялық жобалары шеңберінде аудан, қалаларда «Батагөй қария» байқауларын өткізуді қолға алды.Аға буын мен жас ұрпақтың арасындағы тәрбиенің мәңгілік байланысын айшықтайтын тағлымды іс-шара партияның ұйытқы болуымен бүгін Арыс қаласында жалғасын тапты. Байқауға қатысқан ел ағалары ежелден келе жатқан елдік дәстүрмен көрнекті ақылын өрнекті тілектерімен жеткізді. Бабалардан қалған қасиетті ұғымдарға кеңінен тоқталып, өсиет қалталарын ағытты. Көркем тілдің ғажабын ашты, шешендік сөздің ажарын келтірді. Небір теңеулер айтылып, көрікті ойдың тізбегі түзілді.Ақсақалдардың ой жарысы мен ақыл сайысы болған байқаудың қорытындысымен Бас жүлдеге Арыс қаласының байырғы тұрғыны Жолдасбек Тұрманбетов лайықты деп танылып, облыстық кезеңде өтетін байқауға жолдама алды. Екінші орынды Сырдария елді мекенінің атынан шыққан қария Балғынбай Пердебеков иеленсе, үшінші орынға –Бақырша елді мекенінен атынан қатысқан ақсақал Әбілқасым Төлебеков лайықты деп танылды. Сондай-ақ, байқауға белсене қатысқаны үшін Жиделі ауылдық округінен Тәжіқұл Еленов, Монтайтас ауылдық округінен Махаббат Бекбауов, Арыс қаласынан Үсен Ержігітов, Ақдала ауылдық округінен Сансызбай Хасанов, Қожатоғай ауылынан Сейілхан Берденов есімді қариялар түрлі дәрежедегі марапаттарға ие болды.Ақ батасын жаудырып, елдің ырыс-ынтымағын бекемдеуге үлес қосқан ардагерлерге «AMANAT» партиясы Арыс қалалық филиалының төрағасы Бақтығали Ділдәбеков алғысын білдіріп, естелік сыйлықтар табыстады.

Қатысты жаңалықтар

Фаст-фудтың жасөспірімдерге қандай әсері бар

azatmedia

Алдағы уақытта мұғалімдердің жалақысы қалай өзгереді?

azatmedia

ОБЛЫСТЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ СЕМИНАРҒА ҚАТЫСТЫ

azatmedia