Ақпарат

Жеті түрлі ауру жаппай таралғанда карантин жариялануы мүмкін

Коронавирус

Қазақстанда карантин ережелері бекітіледі. Ал шектеу шараларын енгізу немесе алып тастау құқын құжатқа сәйкес, еліміздің бас санитар дәрігері иеленеді. Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеген жоба 14 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауға ұсынылды, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы  КТК арнасына сілтеме жасап.

Шын мәнісінде жаңа ережелердің қолданыстағы талаптардан өзгергені шамалы. Ашық талқыланып жатқан құжатта карантинде кәсіпкерлік және өзге де нысандардың жұмысы шектеледі. Өңірлер арасында қозғалысқа, сонымен қатар кез келген бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.

 Шектеу шараларын қай нысандарда және қанша мерзімге енгізу керектігін тек санитар  дәрігерлер шешуі керек. Ал ведомствоаралық мемлекеттік комиссия мамандардың нұсқауларының орындалуын бақылауы тиіс. Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық дәрігерлердің өкілеттігін кеңейту арқылы бюрократиялық кідірістерді болдырмауға мән беріп отыр. Өйткені олар қол қойған қаулы келесі күні күшіне енеді. 

Бұған дейін карантин ережелерін Үкімет бекіткен-ді. Енді Қазақстанда жеті түрлі ауру жаппай таралған кезде карантин жариялануы мүмкін. Оның ішінде, коронавирус қана емес, оба, тырысқақ және сары қызба аурулары бар. Шенеуніктер шектеу шарасы жұқпалы аурулардың таралуын болдырмайды деген сенімде.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАННАН БҚО-ҒА БАРҒАН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР МЕН АРНАЙЫ ТЕХНИКАЛАР СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫН АТҚАРУДА

azatmedia

ТӨТЕШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

azatmedia

«Тікелей хабарласыңыз»: Аймағамбетов білім басқармасы басшыларының телефон нөмірін жариялады

azatmedia

Пікір қалдыру