Ақпарат

ТҮРКІСТАНДА ОБЛЫСТЫҚ ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕР ҚОЛӨНЕРШІЛЕРІНІҢ ШЕБЕРЛІК СЫНЫПТАРЫ ӨТТІ

Бүгін Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» облыстық этномәдени бірлестіктер қолөнершілерінің шеберлік сыныптары өтті.
Шараға Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Сейтжанов, «Қоғамдық келісім» РММ директорының орынбасары Әсел Артакшинова және «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Эльмира Жанғазиева, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік пен келісім жолымен» халық экспедициясының мүшелері, өңірдегі этномәдени бірлестік өкілдері және «Ассамблея жастары» РҚБ Түркістан облыстық өкілдігінің мүшелері қатысты.
Шара аясында Түркістан облыстық этномәдени бірлестіктердің ұлттық киім көрмесі ұйымдастырылды.
Шеберлік сыныптар өңірдегі этникалық топтардың өкілдеріне қазақ халқының мәдениеті мен қолөнер бұйымдарын жасау мен олардың пайда болу тарихын көрсетуге бағытталған. Іс-шара барысында ұлттық бұйымдарды безендіру, дизайнерлік киім, тұрмыстық заттардың көрмесі ұйымдастырылды, сондай-ақ қатысушылар белгілі бір заттың пайда болу тарихы мен өндіріс әдісімен танысты.
Көрме барысында ұлттық қолөнер, ермексаз, тігін, зергерлік бұйымдар, тағамдар және сурет салу бойынша шеберлік сыныптары көрсетілді.

Қатысты жаңалықтар

Судан тапшылық мәселесі туындамайды

azatmedia

ЕҢБЕК АДАМЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

azatmedia

ЖОЛ КАРТАСЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ – ПАРТИЯ НАЗАРЫНДА

azatmedia