Ақпарат

ТҮРКІСТАНДА ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ ТІЛІ, МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ САЛТ-ДӘСТҮРІ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

Бүгін Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» облыстық ҚХА жанындағы этномәдени бірлестіктердің тілі, мәдениеті және салт-дәстүрі іс-шарасы өтті.
Еліміздегі тұрақтылықты, қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту мақсатында өткен шараға облыстық ҚХА мүшелері, облыстық этномәдени бірлестіктер өкілдері, «Ассамблея жастары» РҚБ-нің Түркістан облыстық өкілдігінің мүшелері қатысты.
Іс-шараға қатысушылар алдымен этномәдени қоғамдық бірлестіктің арнайы әзірлеген көрмесімен танысты.
Шараның ашылуында құттықтау сөз сөйлеген Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Сейтжанов, «Қоғамдық келісім» РММ директорының орынбасары Әсел Артакшинова және «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Эльмира Жанғазиева бірлікті бекемдеген жиынның маңыздылығына тоқталып, қоғамдық келісім мен тұрақтылық – біздің басты ұстанымымыз болуы тиіс екендігін айтып өтті.
Мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұласты. Шара аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік пен келісім жолымен» халық экспедициясының мүшелері Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиеваның атынан Алғыс хаттармен марапатталды.
Татулықты ту еткен тағылымды шарада патриоттық әндер шырқалып, жиналған жұртшылық берекелі бірлікті дәріптеген жиыннан ерекше әсер алып тарқасты.

Қатысты жаңалықтар

Шаштараз кәсібін дамытқан жас жігіт

azatmedia

ЕҢБЕК ЕЛЕНІП, АБЫРОЙ АСҚАН КҮН

azatmedia

ЕҢБЕК АДАМЫ – ЖАНӘБІЛОВА ГУЛЬВИРА УСІПХАНҚЫЗЫ

azatmedia