Қоғам

«Еңбек адамы» айдарының кейіпкері – Балтаева Мухтабар

Бүгінгі «Еңбек адамы» айдарының кезекті кейіпкері – Балтаева Мухтабар қазіргі таңда жалпы тәжірбиелі дәрігер болып жұмыс жасайды. Сауран аудандық емханасына қарасты Ескі Иқан ауылдық емханасында қызмет атқарады. 1985 жылы Ташкент қаласында оқып келген маманға Түркістан қаласында жұмыс істеу қиын болмаған.

ЖОО-дан кейінгі үш дең­гейлі білімге сәйкес, олар да магистратура және докторантурада оқу жалғастыра алады. Осы деңгейлерді тәмамдаған мамандар медбике ісі аясын­да ғылыми-зерттеу және ұйым­дас­тырушылық ісімен айналысуына болады. Аталған медбике ісіне маман даярлау үлгісі денсаулық сақтау аясындағы көптеген әлеу­меттік-экономикалық тап­сырмалардың шешілуіне жол береді және мынадай алғы­шарт­тар алдан шығады:

– жаңа технологияларды игерген, алғашқы мамандандырылған медико-санитарлық көмек көр­сетуде өзіндік шешім қабылдай алатын медбике мамандары;

– қоғамдық денсаулық сақтау ұйымдастырушылары, менеджерлер, медбике ісін жетік мең­гергендер;

– жаңа ұрпақ мамандары, медбике ісі аясындағы оқытушылық және ғылыми-зерттеу ісіне негіз­делген жоғары білімді медбикелер.

2015 жылдан бері кейіпкеріміз Балтаева Мухтабар жалпы тәжірбиелі маман болып жұмыс жасап келеді. Жалпы еңбек өтілімі 20 жыл

Маманның айтуынша, «бізде бұрын техникалық жетіспеушіліктер болды, басында бекер осы жаққа жұмысқа орналасыппын деген ойлар келетін, уақыт өте келе дамып, техникалармен қамтамасыз етілдік, сосын біздің емханада кадрлар тапшылығы басым еді. Сол кезде өзіміз гнеколог, акушер болатын едік. Қазір сол емханамыз үлкейіп, өзіндік статуска ие болды, кадрлар тапшылығы жоқ қазіргі танда» — деп қорытындылады сөзін.

Қатысты жаңалықтар

Мал шаруашылығына қойылған меже орындалды

azatmedia

Сарапшы: Масылдық – мемлекеттілік пен әлеуметтік институттарды күйретуші құбылыс

azatmedia

3 адамды пышақтап кеткен күдікті ұсталды

azatmedia