Ақпарат

«AMANAT-AQYLMAN» ОЙЫНДАРЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Бүгін Республика күні қарсаңында Түркістан қаласындағы «Конгресс Хол» кешенінде «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының бастамасымен екінші жыл қатарынан өтіп жатқан «AMANAT-AQYLMAN» интеллектуалды ойынының ақтық сайысы өтті. «AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалының «Жастар рухы» жастар қанаты өңір жастарының белсенділерін партия айқындаған құндылықтар аясына біріктіру, оларды өз ұстанымдарына берік болуын қамту, жас буынның прогрессивті идеяларына қолдау көрсету, қоғамдық қатынастар саласында белсенді азаматтық ұстанымы бар таңдаулы жастар тобын іріктеп, олармен партиялық міндеттер шеңберінде жұмыс жүргізу ниетімен «AMANAT AQYLMAN» интеллектуалды жобасын қолға алған болатын. Командалар арасындағы интеллектуалды ойынға Түркістан облысының 17 аудан қаласынан 200-ге жуық команда 1200-дей азамат қатысты. Аймақтардағы іріктеуден үздік деп танылып, ақтық сайысқа жолдама алған командалар бүгін облыс орталығында бас қосты. Мемлекет басшысы қазіргі заман ақыл-ой мен дарын иелерінің заманы екенін айтып, жастарымыз, ең алдымен, зияткерлік қабілеті жоғары, ойы ұшқыр, еңбекқор болуы керектігін назарға алған болатын. Осыдан екі жыл бұрын бастау алған «AMANAT-AQYLMAN» жобасы өңір тұрғындары арасында зияткерлік рухты қайта түлеткен бастамалардың қатарынан болды. Осылай деген «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. «Түркі даласы ежелден-ақ білімге бастау бола алған білімділер мекені. Әлемнің ұстазы Әбу Насыр әл Фараби, саз әлемінің каролі Шәмші Қалдаяқов, киесі мен қасиеті бір төбе Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жерленген әр хандар, билер, батырлардың бейіті соған куә. Қазіргі әлемдік көзқараста білімділер додасы жастар тілімен айтқанда трендке айналған дүние. Білім сайысы, ақыл бәсекелестіктің ең әділ түрі. Бұл додада ешкім ұтылмайды және ешкімнің жеңісін тартып алмайды. Білмегеніңізді біліп, білгеніңізді тексеріп қайтуға таптырмас мүмкіндік»,-деді, білімділер сайысын ашып берген Алтынсары Дүйсенбекұлы. Ал, өңірдегі партияластар санатындағы жас белсенділердің басын біріктірген «Жастар рухы» жастар қанатының ұсынысымен жалғасын тауып жатқан осынау сайыстың биылғы іріктеу кезеңінің ашылуына да арнайы келіп қатысқан «AMANAT» партиясы «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы Ақерке Искандерова бүгінгі өткен ақтық сайыстың да куәгері болды. Ол Түркістан облысынан бастау алған игі іс-шараның ауқымы кең, маңызы зор екенін атап өтті. Ақыл мен алғырлық жарысына қатысып отырған зерек ойлы, көзі ашық, көкірегі ояу азаматтарға сәттілік тілеп, жеңімпаздар тұғырынан көрінуге тілектестігін білдірді. Сонымен бірге, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары Қалыйма Жантөреева, облыстық мәслихат депутаты Ғани Райымбеков, Түркістан қалалық мәслихатының депутаты Нұрсұлтан Жүсіпбаев жоба арқылы облыс азаматтарының бойынан зор азаматтық жауапкершілік, жоғары интеллект, рухани жан-дүниеге бай қасиеттер байқалғанын атап өтіп, жеңіске деген құлшынысы мықты командаларға ақ жол тіледі. Ойын барысында қатысушыларға әлемнің кереметтері, дүние жүзі және Қазақстан тарихы мен әдебиетінін, танымал спортшылар мен спорт түрлерінен, саяси-қоғамдық мәселелер, Мемлекеттік басқару жөніндегі сауалдар қойылды. Сонымен бірге, командалық сайыста «AMANAT» партиясының бағыттары мен партиялық жобалар және фракция мүшелері төңірегінде сауалдарға жауап берілді. Түрлі тақырыптағы 8 кезеңнен тұрған сұрақ-жауап түріндегі сайысқа 17 ауданнан келген командалар белсене қатысты. Өңір жастарының басын бір арнаға тоғыстырған, олардың қоғамдық белсенділігін арттырып, партия айқындаған құндылықтар аясына біріктірген маңызды бастама да өз мәресіне жетіп, белсенді қатысқан командаларды «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Алтынсары Үмбетәлиев арнайы Алғыс хатпен марапаттады. Ал, ақтық сайыста өз деңгейін көрсеткен арыстықтар жүлделі 1- орынды иеленіп, дипломмен марапатталды. Одан кейінгі орындарды Төлеби және Ордабасы аудандарынан келген командалар еншіледі.

Қатысты жаңалықтар

Түркістан облысында жүргізуші полицейді көлікпен сүйреген

azatmedia

ЦИТАДЕЛЬДІҢ АШЫЛУ РӘСІМІ ОНЛАЙН ФОРМАТТА ӨТЕДІ

azatmedia

ЕҢБЕК АДАМЫ — ЕЛ МАҚТАНЫШЫ

azatmedia