Ақпарат

ШТАБ ӨКІЛДЕРІ-АРЫС ҚАЛАСЫНДА

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында елімізде Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум биылғы жылдың 6 қазанында өтетінін жариялап, тиісті Жарлыққа қол қойған болатын.Осы мақсатта бүгін Арыс қаласына Республикалық штаб мүшелері Арыс аудандық орталық ауруханада ақ халатты абзал жандармен, Арыс қаласының тұрғындарымен, №17 колледж ұжымымен және «Astana Raiway Services» ЖШС-да теміржолшылармен кездесті.Кездесулерге Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Нұрсұлтан Байтілесов, Таңсәуле Серіков, Парламент Сенатының депутаты Әли Бектаев бастаған топтың қатарында «Ауыл» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Нұржан Әжіметов, «Байтақ» жасылдар партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Бақытжан Қыдырбаев және Арыс қалалық Халықтық штаб өкілдері қатысты.Штаб өкілдері Арыстықтармен кездесуде энергия тапшылығын азайтуда атом электр станциясының маңыздылығы туралы атап өтті. «Атом электр станциясының құрылысы Қазақстанның энергетикалық балансындағы көмір энергиясының үлесін азайтады. Бұл қазіргі уақытта әлемдегі ең жоғары энергия көзі болып табылады. Осылайша, атом электр станциясының құрылысы 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізудің қабылданған Стратегиясын жүзеге асырудың негізгі қадамы болмақ. Бүгінгі таңда дүние жүзінде 62 реактор салынып жатыр, көптеген елдер атом электр станцияларының паркін кеңейту жоспарына кірісті немесе алғашқы атом энергетикасы бағдарламасын әзірлеуде»,–деп атап өтті Сенат депутаты Әли Әбдіркәрімұлы.Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Нұрсұлтан Байтілесов Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұстанған басты саясат – халық үніне еститін мемлекет құру. 6 қазанда өткелі жатқан референдум соның бір айғағы. Біз сіздерге АЭС салуға келісіңіздер деп айтқалы тұрған жоқпыз. Мақсатымыз – жаңа бастаманың елге, экономика мен әлеуметтік ахуалға тигізетін пайдасын жеткізу, түрлі алып-қашпа әңгімелердің алдын алу. Сонымен қатар болашағымыздың жарқын болуына септігін тигізетін, энергия тәуелсіздігін қамтамасыз етуге кепілдік болатын жобаны жан-жақты таныстыру. Ал, референдумда кім қандай таңдау жасаймын десе де өз еркінде. Дегенмен, әлемдегі білікті ғалымдар мұндай АЭС-тердің қауіпсіздігіне кепілдік беріп отырғанын, сол үшін де өзге елдер жаңа энергия көзінің құрылысын бастап кеткенін айта кету керек. Біз айтып отырған атом электр станциясы қауіпті болса, АҚШ, Ресей, Франция, Оңтүстік Корея, Украина сынды көптеген мемлекет ондаған АЭС салмас еді. Біз болашақта энергия тапшылығына тап болмауды, электрді шет елдерден бірнеше есе қымбат бағаға сатып алмауды бүгіннен бастап ойлауымыз қажет, – деді Нұрсұлтан Төленұлы.Сонымен қатар, штаб өкілдері АЭС-тің артықшылықтары, экономикалық пайдасы жайында ақпараттармен бөлісті. Азаматтар тарапынан көтерілген сұрақтарға жауап беріп, оларды республикалық референдумға белсенді қатысуға шақырды.   

Қатысты жаңалықтар

Асхат Аймағамбетов балалық шағын айтып берді

azatmedia

ЕҢБЕК КҮНІНЕ ОРАЙ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

azatmedia

Каналдар механикалық тазалаудан өтуде

azatmedia