Ақпарат

АЭС САЛУДЫ ҚОЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Қазақстанда Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум биылғы жылдың 6 қазанда өтетінін жариялап, тиісті Жарлыққа қол қойғаны белгілі. Қазақстан Республикасының Президенті алдағы референдум кең ауқымды жалпыұлттық диалогтың тағы бір айқын көрінісі болатынын айтқан еді. Мемлекеттің алдағы дамуына стратегиялық маңызы бар мәселе бойынша бүгін Парламент Мәжілісінің Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошановтың қатысуымен АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың алғашқы отырысы өтті. Штабтың құрамына 6 саяси партияның мүшелерінен, сондай-ақ 20-ға жуық республикалық қоғамдық бірлестіктерден 250-ге жуық өкіл кірді.Қазақстандық қоғамның жетекші саяси партияларының, белсенді азаматтық ұйымдарының басын біріктірген Халықтық штабтың алғашқы отырысында Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов, 6 қазанда өтетін АЭС салу жөніндегі референдумның Тәуелсіз Қазақстанның болашағы үшін стратегиялық маңызы зор екенін айтты. Сондықтан еліміздегі беделді саяси және қоғамдық ұйымдар АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабқа бірікті. Штабтың мақсаты – халықты атом электр станциясын салу жөніндегі прогрессивті идеясының айналасында топтастыру екені мәлімделді. «АЭС құрылысы – бұл Қазақстанның алдағы ұзақ жылдардағы табысты дамуының кепілі болатын серпінді жоба. Еліміздегі және әлемдегі барлық озық ойлы тұлғалар атом энергетикасын пайдаланудың тиімділігін жақсы түсінеді. Бұл – ең алдымен, қауіпсіз, сенімді, экологиялық таза жоба. Біз үлкен таңдау алдында тұрмыз. Сондықтан Халықтық штабтың міндеті – ел арасында кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қоғамды АЭС-ті қолдауға жұмылдыру. 6 қазанда өтетін референдум біздің бірлігімізді көрсетеді», – деді Ерлан Жақанұлы. Мәжіліс Спикері бүгінгі таңда энергетикалық тәуелсіздік мәселесі күн тәртібінде алғашқы орынға шыққанын атап өтті. Айта кету керек, әлемнің озық елдерінің тәжірибесі атом энергетикасының тиімділігі мен қауіпсіздігін айқын дәлелдейді. Қазіргі уақытта Қазақстан электр энергиясының тапшылығын сезінуде және оны көрші елдерден импорттауға мәжбүр. Сондықтан Халықтық штабтың басты міндеті – қоғамға АЭС салудың маңыздылығы мен артықшылықтарын жеткізу, жұрт арасындағы негізсіз үрейлерді сейілту. Оған қоса, партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың бірлесіп жұмыс істеуде табысты тәжірибесі де бар.«Біздің әрқайсымыз балаларымыздың қуатты және ешкімге мұқтаж болмайтындай тәуелсіз мемлекетте өмір сүргенін қалаймыз. АЭС салу туралы шешімді қабылдай отырып, біз осы асқақ арманымызға қарай қадам жасаймыз. Біз елдің энергетикалық тәуелсіздігін шегелеп бекітеміз. Болашақ ұрпаққа энергетикалық тұрғыдан тәуелсіз, яғни экономикасы тұрақты және өркендеген Қазақстанды мұра етіп қалдырамыз. Бұл тарихи шешім Әділетті Қазақстанды құру жылнамасындағы жаңа парақшаға айналады», – деп мәлімдеді Мәжіліс спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы.Отырыс барысында АЭС құрылысына қолдау білдіріп, Халықтық штабтың құрамында кіргендер қатарында Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев, «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС бас директоры Тимур Жантикин, Қазақстан Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Райымбек Баталов, Қазақстан халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев, «Ардагерлер ұйымы» РҚБ төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов, «Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаев, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев, Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи, «Respublica» партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаров, «Байтақ» партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев, «Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы Ақерке Искандерова және басқалар болды.Сонымен қатар, Халықтық штабтың құрамына Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы, «Ардагерлер ұйымы» РҚБ, Ұлттық спорт қауымдастығы, «Ассамблея жастары» РҚБ, Қазақстанның Ядролық қоғамы, Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығы, Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы және басқа да ұйымдар кірді.Халықтық штабтың алғашқы отырысына республика өңірлері бейнебайланыс жүйесі арқылы қосылды. Тікелей эфирде өткен жиынға «AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалы қосылып, қазақстандық қоғамдастықты біріктірген мәжіліске «AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалының төрағасы, Түркістан облыстық мәслихатындағы партиялық фракцияның жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиев, Түркістан облысы мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов, «Ақ жол» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Абзал Салықбаев, «Ауыл» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Нұржан Ажиметов, «Respublica» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының міндетін атқарушы Бейбіт Биназаров, «Байтақ» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Бақытжан Қадырбаев, «Қазақстан халық партиясы» Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ысқақ Ахметов, «Ардагерлер ұйымы» Түркістан облыстық филиалының төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов, «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Асылан Ибадуллаев, «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» Түркістан облыстық филиалының төрағасы, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Инара Намазбаева, «Жастар Ассамблеясы» РҚБ Түркістан облыстық өкілдігінің төрағасы Абылай Амантай, «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Өмірәлі Бердіғали қатысты.Саяси партиялардың орталық және аймақтық белсенділері, республикалық қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, соның ішінде Парламент пен мәслихат депутаттары, интеллигенция өкілдері, танымал ғалымдар, мәдениет және спорт қайраткерлері, «Жастар Рухы» және басқа да жастар ұйымдарының белсенділері Халықтық штабтың өкілдері болып енді. Штаб мүшелері алдағы уақытта өңір тұрғындарымен мақсатты кездесулерін өткізіп, еңбек ұжымдарында, шалғай елді мекендерде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын атқарады.Халықтық штабтың баспасөз қызметінің материалы негізінде әзірленді.

Қатысты жаңалықтар

Тоқаев үкіметті емес, депутаттарды қолдайтынын көрсетті – Перуашев

azatmedia

ТҮРКІСТАНДЫҚТАР СУ БАСҚАН АЙМАҚТАРҒА БАРЫНША КӨМЕК КӨРСЕТІП ЖАТЫР

azatmedia

«ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» – СОЗАҚ АУДАНЫНДА

azatmedia