Ақпарат

КЕЛЕСТЕ КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

«AMANAT» партиясы мәлихаттардағы партиялық фракциялардың қызметін жандандыруды қолға алғаны белгілі. Фракция депутаттары сайлаушылармен кездесулер өткізіп, тұрғындарды толғандырып жүрген мәселелердің оң шешім табуына үлестерін қосуда. Осы санаттағы жүздесу жуырда Келес ауданы мәслихатының депутаты, партиялық фракцияның мүшесі Мақсат Бекбаевтың қатысуымен өтті.Партияның аудандық филиалында өткен кездесуге келген тұрғындар өзекті деген мәселелер бойынша жеке өтініштерін білдіріп, олардың шешім табуына депутаттан көмек сұрады. Атап айтқанда Біртілек ауылдық округінің тұрғыны «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасына қатысуға ниетті екенін білдіріп, тиісті атқарушы мемлекеттік органға құжат тапсыруға жәрдем көрсетуді сұрады. Депутат бұл мәселені жіті бақылауына алып, тұрғынға заңда белгіленген тәртіп бойынша көмек көрсетілетінін мәлімдеді.Депутаттық қабылдауына келген тағы бір тұрғын тұрақты жұмысқа орналасуға көмек көрсету бойынша өтінішін білдірді. Азаматқа жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпарат берілді, егер қажет деп тапса, уақытша жұмыс орнына тұруға мүмкіндік бар екені айтылды. Тиісті уәкілетті мемлекеттік органға жүгінген жағдайда, тұрғынға өз мамандығы бойынша жұмысқа тұру мүмкіндіктері қарастырылатыны жөнінде түсініктеме берілді. Бұл мәселені де депутат өз бақылауына алды.Қабылдауға келген тағы бір азамат өзінің тұрғылықты аумағында интернет сапасының төмендігіне байланысты шағымын білдірді. Азаматтың өтінішін мұқият тыңдаған аудандық мәслихат депутаты, бұл мәселені аудан әкімдігінің тиісті бөлімімен бірлесе қарастыратынын айтып, техникалық мүмкіндіктерге орай, көмек көрсетілетінін жеткізді.Партияның аудандық филиалы, жергілікті сайлаушылардың сенім үдесінен шығуда және жұртшылықпен терең ықпалдастықта жұмыс жүргізуде «Құқықтық көмек» жобасы шеңберіндегі қоғамдық қабылдау іс-шарасын да өткізді. Қабылдауға келіп, өтінішпен жүгінген азаматтарға Келес аудандық мәслихат депутаты Ерлан Молдабаев, жеке сот орындаушы Камила Серимбетова және кәсіби медиатор Жанар Суйерова көтерілген мәселелер бойынша құқықтық реттеу тетіктерін түсіндірді.Қабылдауға келген тұрғындар банк алдындағы берешек қарыздары үшін зейнетақысын толық көлемде алмай отырғандығы жөніндегі шағымын білдірді. Ошақты ауылдық округінде тозығы жеткен ауыз су жүйелері мен электр бағаналарын ауыстыру қажеттілігі туындап жатқанын жеткізді. Абай ауылының тұрғыны істен шыққан газ есептегіш құралының ақаулығы үшін монополист компания айыппұл төлеуге мәжбүрлеп отырғанын айтты. Тұрғындар тарапынан айтылған базынаның бәрі партия филиалының бақылауына алынып, оларды заңда белгіленген тәртіп бойынша шешім табуына көмек көрсетілетін болады.Партия өкілдері және депутаттар жергілікті жерлердегі азаматтардың нақты мәселелеріне тереңірек үңіле бастады. Мұндай жұмыс тәсілі алдағы уақытта да жүйелі жалғасын тауып, оны барынша нығайтуға күш біріктіретін боламыз.  

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанда өткен тәулікте 73 адам коронавирус жұқтырған

azatmedia

Еңбек адамына құрмет

azatmedia

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР КҮНІНЕ ОРАЙ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН САЙЫС ӨТТІ

azatmedia