Мәдениет

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНЫҢ МӘДЕНИ КҮНДЕРІ ГАЛА-КОНЦЕРТПЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

«Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Қазығұрт ауданының мәдени күндері өз мәресіне жетті. Шара Түркістан қаласындағы «Керуен сарай» кешенінде өткен «Түркістаным-Тұраным, жер киесі-Қазығұртым» атты мерекелік гала-концертпен қорытындыланды.Гала-концертте эстрада жұлдыздары «Бақай» тобы, қазығұрттық күміс көмей, жез таңдай әншілер, мың бұралған бишілер мен басқа да өнерпаздар өз таланттарын көрсетті. Мерекелік кешке келген өңір тұрғындары мен қонақтары, туристер керемет көріністердің куәсі болып алдымен цирк нерпаздарының таңғажайып талантын тамашаласа, кейіннен ән-би кешіне куә болды. Көпшілік қауым мерекелік концерттен әсерлене орынынан тұрып тамашалап, кеш соңында қимай қоштасты.

Қатысты жаңалықтар

КЕЛЕС: ЕЛ МӘДЕНИЕТІ МЕН ЕЛОРДАҒА ДЕГЕН МАХАББАТ БІР КЕШТЕ ҰШТАСТЫ

azatmedia

ТАШКЕНТТЕ ЖАЗУШЫ МАРХАБАТ БАЙҒҰТТЫҢ ЖАҢА ЖИНАҒЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫНДА МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

azatmedia