Халық арасында қазақтың жекпе-жек спорт өнерін кеңінен тарату, әлемдік деңгейде мәртебесін көтеру және рухани байлыққа, салауатты өмір салтын насихаттау, патриоттық тұрғыда тәрбиелеу, жастар арасында нашақорлыққа қарсы дағдыны қалыптастыра отырып қылмыс пен құқықбұзушылықтардың алдын алу, жасөспірімдердің деңгейін, дәрежесін одан әрі көтеру, жас спортшылар арасында тәжірибе алмасу және шеберліктерін арттыру мақсатында Жетісай қаласындағы «Б.Саттарханов» атындағы спорт кешенінде Орталық Азия мен Қазақстан Республикасының ашық кубогі өтті.Ерлер мен әйелдер арасында өткен байрақты бәсекеге Қытай, Өзбекстан, Тәжікстан елдері мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан, Абай, Батыс Қазақстан, Жетісу, Қызылорда және Түркістан облыстарынан 18 жастан асқан 70 спортшы қатысып, ерлер 9 салмақ дәрежесінде, әйелдер 5 салмақ дәрежесінде өзара мықтыларды анықтады.Жарыстың ашылу салтанатына Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов пен аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов, Кеңес одағына еңбегі сіңген спорт шебері, жаттықтырушы, ережесіз жекпе-жектен тоғыз дүркін әлем чемпионы атанған Дүниежүзілік жекпе-жек қауымдастығының президенті Сабыржан Махметов пен Қазақстан Республикасы жекпе-жек ұлттық спорт федерациясының президенті Ержан Байжұманов, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Еркебұлан Сейдалиев пен Қазақстан Республикасының спорт қайраткері, қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі төреші, Түркістан облысының құрметті азаматы Бақыт Жаңбырбаев, аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, ардагер спортшы Жахангер Айнабеков қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.«Ұлттық жекпе-жек өнері – тарихта даңқты ізі қалған нағыз батыр бабаларымыздың тарихпен ұштасқан спорт түрі. Аталмыш чемпионат жастар арасынан жаңа есімдерді анықтауға, олардың өзара тәжірибе алмасуларына және әлемдік ареналарда елдің намысын қорғайтын жаңа спорт саңлақтарын анықтауға кеңінен мүмкіндік береді.Жарысқа қатысушылардың ешқайсысын осал деп айта алмаймыз. Өйткені, әрбірі өз өңірінің мықтылары» деген аудан басшысы ұйымдастырушылар тарапынан қатысушылардың қауіпсіздігі мен медициналық сақтандырылулары толықтай қамтамасыз етілген айтты.Әскери-жауынгерлік өнерімен қоса спорттың барлық түрлерін бір ортаға тоғыстырған чемпионатта командалық есепте жүлделі ІІІ орынды Шымкент қаласының спортшылары иеленсе, ІІ орынға Абай облысының құрамасы табан тіреді. Ал, жүлделі І орын Түркістан облысының құрамасының қанжығасына байланып, жеңімпаз атанды.Барлық жеңімпаздар арнайы белбеулермен, жүлдегерлер дипломдармен және медальдармен, демеушілер есебінен арнайы бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Алдынғы жаңалық