Қоғам

Қазығұрт ауданында Рәміздер күні аясындағы ісшара кең көлемде аталып өтті

Мемлекеттік рәміздер-бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін негізгі атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Елтаңба, әнұран мемлекеттік рәміздер. Егеменді еліміздің мемлекеттік туы және Елтаңбасы ресми түрде қабылданды. Мемлекеттік туымыз бен Елтаңбаны, Әнұранымызды әр бір ел азаматының білуі парыз және тарихымызды құрметтеу, өткен мен бүгінгінің жарқын бейнесі ұлттық құндылықтарымыз болып табылады.Қазығұрт ауданында аудан әкімі Исмаилов Азизхан Азімханұлының қатысуымен  Қазақстан Республикасы Рәміздері күні мерекесіне арналған «Рәміздерді құрметтеу-халықты құрметтеу» атты мерекелік іс-шарасы өтті. Мерекелік іс-шара кең көлемде аталып өтті.

Қазығұрт ауданының әкімі Исмаилов Азизхан Азімханұлы «Құрметті аудан тұрғындары! Сіздерді 4-ші маусым Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймын!Биыл мемлекеттік рәміздерімізге 32 жыл толып отыр. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері 1992 жылғы 4 маусымда бекітілді. Мемлекеттік рәміздеріміз – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі.

Сондай-ақ, рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер. Ел азаматтарына сасқанда сабыр, жол таппай қиналғанда ақыл қосатын қасиетті де құдіретті күштер.

Бүкіл халықтық сипатқа ие болған бұл мереке барлығымызды біріктіре түседі, ұлттық сананы қалыптастырады, патриоттық сезімді оятады. Патриоттық сезім әрбір қазақстандықтың жүрегінде сақталып, Отанына деген махаббатымен қатар тіліне, тарихына деген ықыласы жоғары болуы қажет.

Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе берілген. Сондықтан, мемлекеттік рәміздерді қастерлеу барша республика азаматтарының қасиетті парызы.Қадірлі жерлестер!Сіздерді, айтулы мерекемен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, сарқылмас бақыт тілеймін.Тәуелсіздігіміздің алтын күмбезі саналатын мемлекеттік рәміздердің мәртебесі биік болсын! Еліміздегі тыныштығымыз бен бірлігіміз бекем болсын!» делінген құтықтауда. 

Сонымен бірге, аудандағы мәдениет мекемелерінде Рәміздер күніне орай бірқатар ісшаралар ұйымдастырылып өткізілді. 

Атап айтқанда: Қазығұрт аудандық балалар кітапханасының оқу залында 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Ел рәміздері – елдігіміздің реңі, теңдігіміздің тірегі» атты тақырыпта патриоттық сағатты өтті. Патриоттық сағатқа Т.Рысқұлов мектеп лицейінің «Ақ көгершін» жазғы сауықтыру лагерінің тобының 3-4 сынып оқушылары мен тәрбиешілері қатысты. Іс шараны кітапханашы А.Туркебаева жүргізді. Мақсаты: Жас ұрпаққа Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге,елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу. Жас оқырмандар мемлекеттік рәміздердің тарихына шолу жасап, ту, елтаңба, әнұран жайлы ақындардың тақпақтарын жатқа оқыды.

Сондай – ақ «Қазақстан еліне саяхат» атты тақырыптағы кітап көрмеге шолу жасалып, слайд көрсетілді.Қақпақ ауылдық мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен бекітілген жоспарға сәйкес мемлекеттік рәміздерді ұлықтау, мекемелер мен дербес ұйымдарды және мектеп, бала-бақшаларды аралап ҚР Әнұранын орындау және мемлекттік рәміздерді құрметтеу, тарихи күнді насихаттау мақсатында 4 маусым ҚР рәміздер күні мерекесіне орай «Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы » атты мерекелік іс-шарасы өткізілді.

Отанымызды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, туған елімізге адал қызмет етуге тәрбиелеу мақсатында Шарбұлақ ауылдық мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Шарбұлақ ауылы округі әкімшілігі аппараты қызметкерлерінің қатысуымен 4 маусым ҚР мемлекеттік рәміздер күніне орай «Ел рәміздері – ел Рухы» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел әнұран орындалуымен бастау алса, Шарбұлақ ауылы округі әкімі Құлжан Аширов іс- шараны ашып беріп ел рәміздерінің тарихы мен маңызы жайлы, авторлардың өмірбаяны, егемендікті алғанға дейінгі еліміздегі тарихи рәміздер туралы ойын айтып өтті. Кітапхана қызметкері «Мемлекеттік рәміздер – ел мақтанышы» атты баяндама жасап, жастар мемлекеттік рәміздер туралы өлеңдер оқыды. Кеш соңы мерекелік авто шеруге ұласты.

Тұрбат ауылдық клубы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ҚР рәміздер күніне орай » Рәміздер рухымыз, ар-ожданымыз» атты мерекелік кеші балаларды Отанымызды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, туған елімізге адал қызмет етуге тәрбиелеу мақсатында клуб қызметкерлерінің дайындаған мерекелік концерттік бағдарламасы «Ақтілек» бала-бақшасы тәрбиеленушілеріне көрсетілді. Кеш барысында ҚР Әнұраны орындалып, тақпақтар айтылып, ән, билер орындалды.

Қызылқия ауылдық клубында 4 маусым – ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне арналған Мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті. Мерекелік шараға ауыл әкімі, ардагерлер кеңесінің төрағасы, әжелер тобы, мәдениет үйінің қызметкерлері, жастар, ауыл тұрғындары қатысты. Қызылқия ауылы әкімі Біржан Махсутов рәміздер күні мерекесімен ауыл тұрғындарына құттықтау сөздерін жолдады.Тесіктөбе ауылдық клубында ҚР рәміздер күніне орай «Мен Қазақстанның патриотымын» атты мерекелік кеш өтті. Мерекелік кеш жас ұрпақты адамгершілікке, патриоттыққа, отансүйгіштікке, мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге, рәміздерімізді құрметтеп мақтаныш етуге тәрбиелеу мақсатында өткізілді. Мерекелік кеште рәміздерімізге құрмет көрсетіліп, патриоттық, рухты әндер орындалды.  

Қатысты жаңалықтар

Айыппұл көлемі 30 есеге жеңілдейді

azatmedia

МАСЫЛДЫҚ – МЕНТАЛИТЕТ ПЕ?

azatmedia

Төтенше жағдай кезіндегі психологиялық көмек

azatmedia