Қоғам

Қазығұрттық оқырмандарға құнды кітап

Үстіміздегі жылы Шымкент қаласындағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министірлігі Кеңес Одағының батыры Сабыр Рақымов атындағы «Жас Ұлан» мектебіне 40 жыл (биылдан бастап әскери колледжі) толды. Осыған орай «Жас ұлан» мектебінің ұжымы «Жас ұлан» мктебіне – 40» жыл атты арнайы мерекелік кітабын шығарды.

Жуырда осы кітаптың авторы, әскери жазушы, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің және Чернобыль апатының ардагері, «Дарын» Мемлекеттік сыйлығының және Қазақстан Журналистер сыйлығының лауреаты Жүніс-Бек Марат Жүнісбекұлы мен Қазақстан Әскери ардагерлер ассосациясының төраға орынбасары полковник Сенбек Оңтаевтар Қазығұрт аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде болып, кезінде И.В. Сталиннің өзі Солтүстік Кавказды фашист басқыншыларынан азат етудегі ерлігі мен әскери шеберлігіне тәнті болып, «Темір тегеурінді генерал» деп баға берген Кеңес Одағының батыры Сабыр Рақымовтың туған еліндегі Қ. Өміралиев атындағы аудандық орталық кітапхананың оқырмандары үшін осы кітаптың бір данасын тарту етті.

Өз кезегінде кітапханалар жүйесінің директоры Райымбек Айтубай да авторға «Қазығұрт – қазақ рухының шыңы» атты кітап сыйлады.

Қатысты жаңалықтар

Төтенше жағдай: жалған қоңырау салдары

azatmedia

Саяси жүйе үнемі дамуда болуы тиіс

azatmedia

Ұлтаралық келісім мен бейбітшіліктің қазақстандық моделі

azatmedia