Қоғам

Сарыағаш: Атамекен елді мекені табиғи газбен қамтылады

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылдық округіне қарасты Атамекен елді мекенін табиғи газбен қамту мәселесі оң шешімін тауып келеді, – деп жазады Аnyqtimes.kz.

Қазіргі уақытта өткір де өзекті мәселелердің бірі – ауылдарды табиғи газбен қамту мәселесі. Осы орайда еліміздің барлық дерлік аудандарында жүйелі жұмыстар қолға алынуда. Әрине, бұл көштен Сарыағаш ауданы да қалып келе жатқан жоқ. Керісінше, нақты тапсырма мен тиісті талаптардың арқасында бірқатар оң өзгерістер орын алуда.

Солардың бірі – Атамекен елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар. Жалпы жоба бойынша 231 тұрғын үй, 2230 адам табиғи газбен қамтамасыз етіледі. Жоба құны – 115,651 млн теңге. Аталған игі бастама «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында жүзеге асырылуда.

Қатысты жаңалықтар

Екінші сынып оқулығында масленница неғып жүр?

azatmedia

Рухани діңгегі мықты болады

azatmedia

Бөбекжай әкімшілігі 100 келі алкоголь қосылған кәмпит сатып алған

azatmedia