Мәдениет

Қазығұртта Астана күніне орай бірқатар мәдени шаралар ұйымдастырылды

6 шілдеде Қазақстанда мемлекеттік мереке – Астана күні атап өтіледі.

Осы орайда, Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов аудан тұрғындарын Астана күні мерекесіне орай құттықтауын білдірді: Құрметті қазығұрттықтар! Сіздерді, тәуелсіз еліміздің қасиетті төрі, ел тірегі – Астанамыздың күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл – еліміз үшін айрықша, өте мәртебелі мереке. Бүгінде астанамыздың келісті келбетіне сүйсінбейтін жан жоқ.Астанамыздың бой түзегеніне көп уақыт өтпей жатып-ақ жаңаша қарқын алған құрылысымен ғана емес, соңғы технологиялар негізінде салынып жатқан гүлзарлар, аллеяларымен сырттан келушілердің назарына ілігіп, төрткүл дүниеге танылып, көз сүріндірер әсем келбеті күн санап көркейіп, гүлденіп келеді.эБүгінде Еуразия кіндігінде орналасқан елордамыз Астана – саяси көшбасшылар, іскер серіктестер мен инвесторлар, діндер мен конфессия өкілдері, зиялы қауымның кездесіп, кеңес құратын үлкен орталығына айналып отыр. Сондай-ақ, шығармашылық жоспарларды, жастардың инновациялық идеялары мен батыл бастамаларын жүзеге асыру алаңы болып қалыптасқан.Ерке Есілдің жағасында жаңа сәулеттік нақышпен бой түзеп, Сарыарқаның төсінде әсем қаланың сұлу бейнесі алыстан көз тартып, көңіл баурайды.Қадірлі жерлестер! Мерейлі мереке баршамызға құтты болсын! Әрқашанда аспанымызда көк туымыз желбіреп, асқақ Астанамыз өркендей берсін, елдігіміз мәңгі жасасын! Отбасыларыңызға амандық, елімізге береке, Отанымыздың гүлденуі жолындағы істеріңізге сәттілік пен табыстар тілеймін!», делінген құттықтауда. 

Сонымен бірге, мереке аясында Қазығұрт ауданының мәдениет мекмелерінде бірқатар шаралар ұйымдастырылып өткізілді. 

Атап айтқанда: Жас ұрпақты Отанын сүюге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін нығайту, Отанын, туған жерін қорғай білуге, Астана күніне арналған іс-шара арқылы жастарды ұлтжандылыққа, ата мекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге, Астана қаласы жайлы мағлұмат беріп , елордамыз Астана қаласының тарихын құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында Қазығұрт аудандық мәдениет сарайына қарасты Рабат ауылдық мәдениет үйінде ауыл өнерпаздарының дайындаған «Отаным-бақыт ордасы» атты мерекелік кеші өтті.

Астана —еліміздің сенімін үкілеген бас қала. Халықтың арманы мен тілегінің кепілі. Елордамыз Астана қаласын мақтан тұта білуге және Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, елжанды азамат болуға тәрбиелеу мақсатында Қазығұрт аудандық мәдениет сарайына қарасты М.Өтемісұлы клубында «Жасай бер,жайна-Елордам!» атты үйірме өнерпаздарының дайындаған мерекелік кеші болып өтті.

Астана — халқымыз үшін тәуелсіздік пен өсіп-өркендеудің алтын тұғыры. Астана — еліміздің ертеңге деген үкілі үміті мен сенімнің көpiнici, арманы мен тілегінің кепілі. Еліміздің бас қаласы Астана қаласына іс шара арқылы саяхат жасап қаланың әр бір тарихи орындарымен таныстыру, жас ұрпақтың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, елжанды тұлға болуға тәрбиелеу мақсатында Қазығұрт аудандық мәдениет сарайына қарасты Қызылқия ауылдық мәдениет үйінде «Ел жүрегі-Астана» атты мерекелік кеші өтті. Мерекелік кеш халықтық би ансамблінің биімен ашылып, домбыра үйірмесінің күмбірлеген күйімен жалғасын тауып, әсем әнмен көмкеріліп көрермен көңілін серпілтті

Қазығұрт аудандық мәдениет сарайына қарасты Жылыбұлақ ауылдық клубында еліміздің рухани тірегі, Жаңа Қазақстанның жарқын бейнесі-Астана қаласы жайлы мағлұмат беру, жастардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, елжанды тұлға болуға тәрбиелеу мақсатында Астана күніне орай «Жыр құшағында-Астана!» атты мерекелік кеші өтті.

Қазығұрт аудандық мәдениет сарайына қарасты Көкібел ауылдық мәдениет үйінде Астана күніне орай “Жасай бер, жайна-Астанам!” атты концерті Елордамыз Астана қаласын мақтан тұта білуге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, елжанды азамат болуға тәрбиелеу мақсатында мерекелік кеші өтті. Мерекелік кеште мәдениет үйіндегі үйірме өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламасы көрермендерге ұсынылды.

Айтра кетсек, 6 шілде Қазақстанда «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы «Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 25 маусымдағы № 47-IV Заңына толықтыру енгізу туралы» ҚР заңымен белгіленген мемлекеттік мереке -Астана күні (Астана күні) атап өтіледі.

Астананы Алматыдан Қазақстанның орталығына көшіру ҚР Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылғы 6 шілдедегі № 106-XIII «Қазақстан Республикасының астанасын көшіру туралы» қаулысымен анықталған (сондықтан 6 шілде Астана күні болып саналады). Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы соңғы шешімді ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылы қабылдады және ҚР Президентінің 1997 жылғы 20 қазандағы № 3700 Жарлығымен 1997 жылғы 10 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасының астанасы Ақмола қаласы болып жарияланды.

1998 жылғы 6 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 6 мамырдағы № 3941 «Қазақстан Республикасының астанасы – Ақмола қаласын Астана – астана деп қайта атау туралы» Жарлығымен Астана атауы өзгертілді.

1998 жылдың 10 маусымында жаңа Астананың ресми тұсаукесері өтті. Астана мәртебесін алған сәттен бастап Астана күні 10 маусымда атап өтілді. 2006 жылы Астана күні 6 шілдеге ауыстырылды.

2019 жылдың наурыз айында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астананың атын Нұр-сұлтан деп өзгерту туралы жарлыққа қол қойды.

Қатысты жаңалықтар

В Шымкенте отметили День государственных символов

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ӨНЕР ЖҰЛДЫЗДАРЫ КЕНТАУДА

azatmedia

ТҮРКІСТАН ТӨРІНДЕ АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ МӘДЕНИ КҮНДЕРІ БАСТАЛДЫ

azatmedia