Қоғам

Түркістан қаласында жойқын жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдары пысықталды

Түркістан қаласында жойқын жер сілкінісі болған жағдайда азаматтық қорғау қызметтері мен облыстың жергілікті атқарушы органдарының іс-қимылдарын пысықтау бойынша жаттығу өтті. 

Аңыз бойынша, Түркістан қаласында орталығында  қатты жер сілкінісі болды. Салдарынан көптеген көшелерде ғимараттар бүлініп, өрт ошақтары пайда болды. Олардың бірі он екі қабатты үйде болды, онда қою түтінге оранған пәтерде өздігінен шыға алмай қалған  тұрғындар болган. Өрт тез таралып, балконға өтіп, жоғарыдағы пәтерлерге қауіп төндірді. Баспалдақ алаңының қирап қалуы себепті  адамдарды эвакуациялау мүмкін болмады. Оқиға орнына келген өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері газ-түтіннен қорғау қызметінің буынын құрды. Өрт сөндірушілер бір уақытта зардап шеккендерді түтін ішінен іздеп, оларды баспалдақпен эвакуациялап, өртті сөндірді. Қалған тұрғындар «өмір текшесінің» көмегімен құтқарылды, ал жарақат алғандар арқанмен түсірілді, оларды Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері қарсы алып, шұғыл көмек көрсетті.

Келесі кезеңде құтқарушылар ғимараттың ішінара қирауы нәтижесінде үйінділер астында қалған адамдарға көмек көрсетті. Альпинистік жабдықтар, кинологиялық есептер, гидравликалық құралдар қолданылды.

Сонымен қатар облыстық сот ғимаратында жойқын  жер сілкінісі болған жағдайда іс-әрекет пысықталды!

Қатысты жаңалықтар

Отбасылық дәстүрлер және құндылықтар

azatmedia

Кәсіподақ бастамасымен спорттық сайыс өтті

azatmedia

Әлеуметтік желіге – әдеп пен тәртіп

azatmedia