Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында насыбай ататын азаматтар туралы айтқан болатын.
Денсаулыққа зиян әрі ұят әдеттің бірі – насыбай ату. Оның қалай жасалатыны белгілі. Ешқандай санитарлық талап сақталмайды. Құрамында түрлі дертті, оның ішінде онкологиялық ауруларды қоздыратын заттар бар, – деп айтты Тоқаев.
Президенттің айтуына қарағанда, насыбайды өндіруге және таратуға 2015 жылы тыйым салынған. Бірақ әлі күнге дейін көшеде, тіпті азық-түлік дүкендерінде ашық сатылып жатыр.
Құқық қорғау мекемелері ешқандай шара қолданып жатқан жоқ. Қазір – ХХІ ғасыр, жоғары технология мен жасанды интеллекті қарқынды дамыған заман. Ал біздің азаматтарымыз аузына насыбай салып, қақырып-түкіріп жүреді. Бұл не деген масқара. Осы жағымсыз қылықты ата дәстүрі санайды. Шын мәнінде бұл барып тұрған мәдениетсіздік. Оны тоқтату керек, – деп атап өтті Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың отырысында.
Оның сөзінше, жалпы насыбай өндіріп, таратқаны үшін заң жүзінде белгіленген жауапкершілік тым төмен. Қазір осыған қатысты заңдарға түзету енгізу мәселесі қарастырылып жатыр.
Онда вейп қана емес, насыбай таратқан үшін де қылмыстық жауапкершілікке тарту көзделген. Бұл қадам насыбайға толық тыйым салуға мүмкіндік береді, – деп ұсынды Президент.
Президент пәрмен бергені сол еді, Ішкі істер министрлігі насыбайға қарсы күрес шараларын бастап кетті. Өзге өңірлерді айтпағанда, тек Түркістан облысында 10 күн ішінде насыбай саудалаған 202 адам анықталып, оларға тыйым салынған заттарды сатқаны үшін хаттама толтырылған. Облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнар Әбдіжаппарованың бізге ұсынған мәліметіне сүйенсек, полицейлер осы аралықта 100 келіден астам насыбай тәркілеген. Оның айтуынша, насыбай сататындарға 25 АЕК көлемінде, яғни 92 мың 300 теңге айыппұл салынған. Сататындарға ғана емес, насыбай атып, көшеде қақырынып жүретіндерге де айыппұл қарастырылған. Оның мөлшері 5 АЕК, яғни 18 460 теңге көлемінде.
Әрине, жаман әдеттен бірден арылу да қиын. Әйтсе де, насыбайдың бүгінде белең алып тұрған обыр және ішек құрттары ауруларына апаратын жол екендігін ұмытпағанымыз жөн. Қысқасы, насыбайға әуестік, ең алдымен өз денсаулығыңа балта шабу деген сөз.
Насыбай және оның салдара туралы ар адам білуі тиіс!
Насыбай /нас мұрын,айс/-ежелгі Орта Азияе лдерінде: Өзбекстанда,Тажікстанда,Туркменстанда, Қырғыстанда,Ауғаныстанда,Қазакстанның онтүстік және Қытай батыс өңірлерінде халықтардың көп пайдаланатын темекі өнімінің шегілмейтін түрі.Насыбай уй жағдайларында бейберекет жасай береді. Оның негізгі өнімдерінің бірі-махорка мен темекі,ал оған қосымша қосатын өнімдері-сөндірілген әк,тауық санғырығы немесе түйе тезегі, әртүрлі өсімдіктер күлі, желім,май болып табылады.Насыбайдын құрамында Қорғасын,сынап, кадмий және мышьяк сияқты адам ағзасына зиян келтіретін ауыр металдар бар.насыбайдың дәмін жақсарту үшін әртүрлі дәмдеуіштер қосады.Насыбай кішкене «түйіршіктер» түрінде және қара жасыл түсті түйіршіктер күйінде сатылады.
Елімізде насыбайға тыйым салынғанымен, оның саудасы қызып тұр. Қызбай қайтеді, психотропты зат сауда сөрелерінде «мен мұндалап» тұр. Көк тауардың дәміне мас боп жүргендер оның ұрпақсыз қалдыратынын ескерместен сатып алуға асығады. Адамды елітіп әкететін насыбайдың не сиқыры бар?
Адамды өзіне тәуелді ететін қарақошқыл затты тұтыну, әсіресе соңғы 20 жылда кең етек жайды.
Дәрігерлердің айтуынша, кез-келген адам басында мен секілді жиіркенеді, бірақ бір рет дәмін татқаннан кейін қалай тәуелді болғанын байқамай қалады. Тіпті, психотропты затты қолдану жүрек пен миға, ішкі органдарға зиян екенін ескермейтін халге жетеді дейді.
Т.Қойшыбеков, нарколог:
Насыбайға есірткілік нәрселерді қосып жатыр дейді. Ол ұрпаққа да әсер етеді дейді. Әрине, ол міндетті түрде зияны өте көп. 1-2 жағын ғана біз анықтадық, зерттедік. Ал толық зерттеу көрсетілмеген. Созылмалы обструктивті өкпенің аурулары көп тарап бара жатыр. Қатерлі ісіктер пайда болып жатыр.
Елімізде 2011 жылы насыбайдың құрамында есірткі мен психотропты заттың бары анықталды. Жеті жыл бұрын заң жүзінде шектеу қойылған.
Е.Бейсенов, заңгер:
Саудагерлерге әуелі ескерту жарияланады. Кейін 5 айлық есептегіш айыппұл төлейді. Шағын және орта кәсіпкерлерге 20 айлық есептегіш айыппұлға дейін салынады. Өйткені, насыбай бәрібір темекінің бір түріне, тәуелділікке әкелетін зат.
Мамандар еріннің астына салып, сілекейін жұтып, былш-былш түкіргендер болашағын ойласа дейді. Ал, заң мен айыппұл азаматтарға шыбын шаққан құрлы әсер етпейтін секілді.
НАСЫБАЙ ПАЙДАЛАНУ САЛДАРЫ:
– никотинге тәуелділік, адам ағзасы үнемі насыбайды қажет етіп тұрады
– жасөспірімдердің оқу материалдардын есте сақтау қабілеті және мидағы психологиялық өзгерістердің бұзылуы
– ауыз куысы мен көмей обыры ауруы
– ми тамырларыны қысылуы салдарынын инсульт және инфаркт болу қауіпі
– тістің бұзылуы және қызыл иектің зақымдануы
– әк-ауыз қуысы сілекей арқылы жұту салдарынан, гастрит пен асқазан жарасының пайда болуы
– тазалығы жоқ үй жағдайларындағы өнімдердің салдарынан болатын ішек инфекциясы
– бала туу функцияларының бұзылуы және белсіздік
– насыбайға қосылған ауыр металдардың салдарынан бүйрек және бауырдың улануы.
Ал, білікті онколог насыбай атудың салдарын айтты.
Ол қатерлі ісікке шалдыққандар арасында жастардың көбейіп кеткенін айтады
Онколог насыбай атудың салдары туралы айтты. Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының бас және мойын ісіктері орталығының басшысы Мұрат Қайбаровтың айтуынша, насыбай тұтыну ауыз қуысының қатерлі ісігінің дамуына әкеледі. Ал оның медициналық тәжірибесінде мұндай жағдайлар аз емес. «Насыбайды әдетте тіл астына қояды. Насыбайдың құрамында әртүрлі химиялық заттар, соның ішінде әк бар, бұл шырышты қабықтың жарасына әкеледі, яғни ауыз қуысының шырышты қабаты зақымдалады. Ауыз қуысының түбі өте нәзік шырышты қабық, ол қанмен өте жақсы қамтамасыз етілген және заттарды өте жақсы сіңіреді, сондықтан бұл насыбайды тіл астына салады. Бірақ тіл астындағы химиялық заттың ұзақ мерзімді болуы уақыт өте келе эрозияға және ойық жараға әкеледі. Насыбайды ұзақ уақыт тұтыну ауыз қуысының қатерлі ісігінің себебі», – деді Мұрат Қайбаров.
Ол бас және мойынның қатерлі ісіктері онкологиядағы ең қиын локализациялардың бірі екенін айтты.»Ауыз қуысының алдыңғы үштен бір бөлігінде қатерлі ісік пайда болғанда, бұл өте күрделі локализация, төменгі жақ орналасқан, ол тілмен шектелген, бұл өте кішкентай кеңістік. Сөйте тұра тамақтануға, сөйлеуге қатысады. Бұл жағдайда ота жасау кезінде лимфа түйіндерін алып тастау керек. Пластикалық хирургиясыз адам сөйлей алмайды және жұтына алмайды. Бұл үлкен мәселе, оған қоса тек хирургиялық жолмен емдеу мүмкін емес. Мұнда емдеудің комбинациясы қажет», – деді онколог.
Ол қатерлі ісікке шалдыққандар арасында жастардың көбейіп кеткенін айтады.»Әсіресе, ең қорқыныштысы, жастар арасында қатерлі ісікке шалдыққандар көп. оларға қатерлі ісікте осылай ғана емдеу керек екенін айтсаң үрейлене қарап, кетуге тырысады, шетелде жақсы емдейді деп ойлайды. Бірақ әлемде операциялардың бәрі бірдей, Қазақстанда қандай болса, барлық жерде де солай жасалады», – дейді Мұрат Қайбаров.
Дәрігер бас және мойын қатерлі ісігінің ықтимал белгілерін де атады:
- тіл ауруы, жазылмайтын жаралар және/немесе ауыздағы қызыл немесе ақ дақтар;
- тамақ ауруы;
- ауырсыну және жұтынудың қиындауы;
- мойындағы көрінетін өзгеріс;
- бір жақты мұрын бітелуі немесе мұрынның ағуы;
- тұрақты дауыстың қарлығуы.
Егер бұл белгілер бір айдан астам уақыт бойы сақталса, қатерлі ісік ауруын болдырмау үшін онкологпен байланысу керек.