Жаңалықтар

«AMANAT» : ЖҮЙЕСІН ТАПҚАН ЖҰМЫС ЖЕМІСІН БЕРЕДІ

«AMANAT» партиясы ел аманатын арқалай отырып, жаңару мен жаңғырудың алдыңғы қатарында қызмет атқаруға бет алды. Жаңа саяси мәдениетке сай іргелі қадам жасауда, өз ішіндегі жұмыс сипаты мен тәсілдерін жетілдіруге құлшына кірісті. Партия еліміздің жаңа толқындағы саяси көшбасшыларын даярлауға, тұрғындармен етене байланыста жұмыс жүргізе білетін партия белсенділерінің шоғырын қалыптастыруға қадам басты.

Партияның жаңа, жас буын кадрларын ел ісіне белсенді кірісуін қамтамасыз етуде бүгін «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен аймақтық партия құрылымдары жауапты қызметкерлерінің қатысуымен кәсіби біліктілікті арттыруға арналған семинар болып өтті. Партиялық қызметті ұйымдастырудың тиімді тетіктері қарастырылған басқосуға партияның өңірлік филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев, облыстық партия филиалы атқарушы хатшысының орынбасарлары Қалыйма Жантөреева, Полат Тұрсынбаев, облыстық партия филиалының жауапты қызметкерлері, аудан, қалалардағы партиялық құрылымдардың өкілдері қатысты.

Партиялық жұмысты жаңа мазмұнда ілгерілетуде ішкі ережелер мен бағдарлы нұсқаулықтар жетілдірілді. Қабылданған өзгерістер бойынша практикалық ұсынымдар беруді мақсат тұтқан жиында партияның облыстық филиалы ұйымдастыру, бақылау жұмыстары бөлімінің консультанты Жанкелді Дүйсенбаев партияның негізгі әлеуеті – қатардағы мүшелерімен бағдарланған жұмыс жүргізудің қолданыстағы тәртібін түсіндіріп өтті. Партия қатарына жаңа мүшелерді қабылдау тәртібі туралы баяндап, партия мүшелерін есепке алудың әдістері жөнінде мағлұмат берді. Партияның ішкі құжаттарын рәсімдеу мен жүргізу талаптарын түсіндірді. Жарғылық талаптар бойынша қызмет атқарудың бағыт-бағдарлары туралы жан-жақты ақпарат берді.

Партияның өңірлік филиалының басшылығы, саяси ұйымның шын мәніндегі өзгерістер жаршысы ретіндегі мәртебесін ілгерілету – орындаушылық тәртіпті күшейтуден басталатынын айрықша атап өтті. Еліміздегі барлық қоғамдық-саяси үдерістердің бел ортасынан табылатын ұйым, әрдайым ұлттық мүдде мен мемлекетшілдік көзқарасты жақтайтынын мәлімдеді. Қоғамға пайдалы бастамаларды көтеріп, халықтың сұранысына жауап беретін, тиімді шешімдер ұсына білетін мәртебесін көтеру, соған сай қызмет ету – партия қатарындағы әрбір азаматқа жүктелген басты парыз екенін жеткізді. Бұл міндетттерді іске асыруда партия қызметкерлеріне үлкен сенім артылғанын атап өтіп, партия беделін көтеруге жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Семинар қорытындысымен партияның бұлжымас қағидаларын ілгерілету, айқындаған саяси мақсаттарына табандылықпен қол жеткізу және жұмысты тиімді ұйымдастыруда заманауи бағыт-бағдарларды қолдану бойынша бірқатар ұсынымдар қабылданып, тапсырмалар берілді.

Қатысты жаңалықтар

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІН ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ ТАЛҚЫЛАДЫ

azatmedia

«БАЛАҢА УАҚЫТ АРНА» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМДАРЫНДА КЕЗДЕСУЛЕР ЖАЛҒАСУДА

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА ҚҰЛПЫНАЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛМЕК

azatmedia