Жаңалықтар

«ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК» — ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ ДАЙЫНДЫҒЫНА АРНАЛДЫ

Бүгін жаңа оқу жылының қарсаңында «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесі «Құқықтық көмек» жобасы аясында балалардың құқықтарын қорғау мақсатында алдағы оқу жылына дайындық, атаулы әлеуметтік көмек, алимент өндіріп алу және балаларға қатысты басқа да мәселелер бойынша тақырыптық қабылдау өткізді. Қабылдауға заңгерлер, адвокаттар мен медиаторлардан бөлек тиісті жергілікті атқарушы органдардың өкілдері білім, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, денсаулық сақтау басқармалары, әділет департаменті өкілдері келіп, тұрғындарды қабылдады.

«Балалардың қауіпсіздігін қамту олардың заңды мүдделерін қорғау партия айқындаған басымдықтың бірі. Бұл бағытта аманаттықтар «Бақытты отбасы» жобасын іске асырып, отбасын институтын нығайту, балалардың құқықтарын қорағау, оларды лайықты біліммен қамту, тәрбие алуына жағдай жасау жұмыстарына белсене атсалысады. Осы бағытта бүгін тақырыптық құқық қабылдау өткізіп, жаңа оқу жылы қарсаңында балалардың білім мен қамтылуы, олардың заңды құқықтарын қорғау мақсатында кездесу өткізіп отырмыз. Бүгін мұнда заңгерлер мен тиісті сала мамандары сіздерге мейлінше көмек беруге дайын», – деді «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев қабылдауға келушілерге.

Түркістан қаласының тұрғыны, үй комитетінің төрайымы Гүлнәр Абубакирова елімізде жүргізіліп жатқан «Таза Қазақстан» акциясы аясында әр аптаның сенбі күндері аумақ тұрғындарын жұмылдырып, тазалау жұмыстарын атқаратынын айтады. Өкінішке орай, ол қала тұрғынына ауланы ластағанына, бей-берекет әрекетіне ескертпе жасағаны үшін полициядан қысым көрген. Өзі кәсіпкерлікпен айналыса жүріп, сол аумақтағы кәсіпкерлердің басын біріктіріп, демеушілік ұйымдастырып, балаларға қажетті оқу құралдарын жинақтапты. Жақын күндері сол аумақта тұратын тұрмыс жағдайы төмен отбасының балаларына сабаққа қажетті оқу құралдарын таратпақ. Осындай игі істің басы-қасында жүрген жан енді полициядан көрген қысымы үшін ренжіп, партияның құқықтық көмек алаңына қолдау сұрай келген. Белсенді азаматтың жағдайын мұқият тыңдаған Алтынсары Дүйсенбекұлы аталған мәселе бойынша полиция басшысына шағымдануын ұсынып, мейлінше оң шешілуіне көмек беретінін айтты. Ел ішінде осындай игі істің ұйытқысы болып жүрген жандарға ризашылығын білдіретінін жеткізді.

Ал Үмида Абдуллаева атаулы әлеуметтік көмек тағайындалмай жатқандықтан балаларына киім алу үшін қаржы ала алмай отыр екен. Шағым айта келген тұрғынның мәселесі қабылдау барысында әлеуметтік және білім саласының мамандары тарапынан зерделеніп, мәселесі шешілді. Бұдан кейін атаулы әлеуметтік көмек тағайындалатын болды. Ал, мектеп формасы үшін әр балаға берілетін 43 407 теңге жақын күндері есепшотына аударылады. Үмида Абдуллаева қоғамдық қабылдауға келіп, үмітінің ақталғанына, қолдау алуына ықпал еткен партияластарға алғысын білдірді.

Қабылдауға келген тұрғындар тарапынан атаулы әлеуметтік көмекпен қамтылу, алимент өндіру, баспана алу кезегін жылжыту, денсаулық жағдайына байланысты мүгедектікті тағайындау, азаматтық неке бойынша әкелікті тану мәселелері көтеріліп, оларды оң шешудегі талап-тіртіптер түсіндірілді. Тұрмыстық қалдықтар шығаратын компанияның келісімшарт негізінде ғана қызметақы алуын міндеттеу, жастардың экологиялық санасын көтеру, учаскелік полиция инспекторының жұмысын ширату мәселелері бойынша шағымдар айтылып, олар партия өкілдерінің бақылауына алынды.

Айта кетейік, жыл басынан бері партия филиалдарының қабылдау бөлмелеріне 10 229 арыз-өтініш келіп түссе, оның 56,3 пайызы яғни, 5 769-ы оң шешіліп, 4 385-не заң аясында кеңес берілді.

Қатысты жаңалықтар

51 жастағы әйел өз немересіне жүкті болды

azatmedia

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ҮШІН ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТТАР БАҒДАРЛАМАСЫ ЕНГІЗІЛДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БІР ЖЫЛДА ХАЛЫҚ САНЫ 31,6 МЫҢ АДАМҒА ӨСТІ

azatmedia