Жаңалықтар

«AMANAT»: ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫН ОЙ-ӨРІСТІ ШЫҢДАЙДЫ

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының бастамасымен өңірдегі әр ауданда өтіп жатқан «AMANAT AQYLMAN» интеллектуалды ойыны Сауран ауданында жалғасын тапты. Білімді азаматтар мен озық ойлы жастардың басын бір алаңға біріктіретін бұл сайыс азаматтардың ой-өрісін шыңдап, білімге деген талпынысын арттыра түспек.

«AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының ұйымдастыруымен өткен бұл сайысқа Түркістан облыстық мәслихат депутаты Б.Сүлейменов, Түркістан облысы «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы Жастар қанаты» төрағасының орынбасары Е.Мадиярұлы, Сауран аудандық Партиялық бақылау комиссиясының мүшесі С.Боханов, Ораңғай ауылдық округі аналар кеңесінің төрайымы Г.Ибадуллаева, аудандық партия филиалының төрағасы С.Асылбеков қазылық етті.

Зияткерлік додаға аудандағы білімді де білікті жандардан құралған 13 команда қатысты. Сайыс 4 кезеңнен құралды. Қатысушыларға аудан тарихы, өнер саласы, партиялық жобалар мен логикалық сауалдар қойылды. Тартысқа толы өткен сайыс қорытындысы бойынша белсене қатысқандары үшін «Сауран», «Зияткер», «Жас дарындар», «Бабайқорған», «АқОрда»,  «Жігер » ,»Атамекен», «Иассы» «Үшқайық» командалары алғыс хаттармен марапатталды.

Ал, аудандық Жібек Жолы БПҰ-нан құралған «Атажұрт» командасы 3-орынды иеленсе, жастар ресурстық орталығынан құралған «Сауран Жастары» командасы 2-орынды еншіледі. Шорнақ БПҰ-нан құралған «Алаш» командасыжеңімпаз атанып, облыстық додаға жолдама алды. Жүлдегерлер мен жеңімпаздарға дипломдар табысталды.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БАЛЫҚ ӨНДІРУДЕН КӨШ БАСТАП ТҰР

azatmedia

УӘДЕ ОРЫНДАЛУЫМЕН МАҢЫЗДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙЛЫҚ КӘСІПКЕР САБЫН МЕН КІР ЖУҒЫШ ҰНТАҚ ШЫҒАРУДА

azatmedia