Жаңалықтар

ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНА МОБИЛЬДІ РЕАБИЛИТАЦИЯЛЫҚ КЕШЕН СЫЙҒА ТАРТЫЛДЫ

Мүмкіндігі шектеулі жандар – қоғамның ең әлсіз әрі қорғансыз бөлігі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы ерекше күтімді қажет ететін және қиын тұрмыстық жағдайында қалған отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балаларға ерекше назар аударудың қажеттілігін айтып, бірқатар нақты тапсырмалар да берген болатын.«AMANAT» партиясының Түркістан облысы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасында да ерекше қажеттілігі бар азаматтарға жағдай жасау басты міндеттердің бірі ретінде көрсетілген. Жол картаның «Өмір сүру сапасын арттыру» бөлігінде «2025 жылға қарай өмір сүру ұзақтығын 72,5 жасқа дейін ұлғайту» қарастырылған. Онда өмір сүру ұзақтығын ұлғайту үшін бірқатар шаралар бекітілген.Бүгінде мемлекеттік қолдаулармен қатар демеушілер есебінен де ерекше қажеттілігі бар азаматтарға жағдай жасалуда. Жуырда Жетісай ауданы әкімінің жеке қабылдауында болған «Үміт ұясы» күндіз болу орталығында ем қабылдаушы мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары бірқатар өтініш айтқан болатын. Осынау өтініш негізінде «САБИ» қайырымдылық қорының демеушілігімен құны 3 млн теңге болатын «Экзороллер» мобильді реабилитациялық кешені сыйға тартылды.БЦП мен ми, жұлын жарақаттары, параплегия мен бұлшықет дистрофиясы, Ретт синдромы секілді тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды оңалтудың тиімді құралы саналатын «Экзороллер» аппаратына деген қажеттілікті көтергендердің алғашқысы орталықта қызмет алушы Арафат Шаймерденнің анасы Айжан Егізбаева болды. Өйткені, бірнеше рет жүргізілген медициналық тексерулер өздігінен жүріп-тұра алмайтын ұлына аталмыш аппараттың тиімділігін көрсеткен.«Бұл аппараттың тиімділігін бізге еліміздің бірнеше мықты дәрігерлері айтты. Әйтсе де, бағасының қымбаттығы қолбайлау болды.Мәселенің мән-жайын айтып аудан басшысының жеке қабылдауына кіріп едік, шұғыл іске кірісті. Тиісті сала басшыларына тапсырмалар беріп, ұлымды толық медициналық тексеруден өткізді. Бірнеше қайырымдылық қорларына хаттар жазылып, «САБИ» қоры демеушілік жасады. Бүлдіршіндеріміздің болашағына бей-жай қарамай, қайырлы іске атсалысқан барша азаматқа шынайы алғысымды айтамын» дейді Айжан Егізбаева.Бүгінде «Үміт ұясы» күндіз болу орталығында балалардың жасына қарай ыңғайластырылып жабдықталған ойын, демалу, қабылдау бөлмелері мен балалардың антропометриялық өлшеулерін анықтайтын құралдар, сауықтыруға арналған медициналық заманауи кабинеттер жұмыс істейді. Қызмет алушыларға жан-жақты көмек көрсетуге жауапты психолог, логопед, дефектолог, дене шынықтыру және музыка мұғалімдері, емдік дене шынықтыру мен емдік терапия жөніндегі нұсқаушылар, массаж жасау жөніндегі мейіраға мен мейірбике, тәрбиешілер қызмет көрсетеді. «2018 жылы жұмысын бастаған орталықтың 10-нан астам қызмет алушысы бүгінде өздігінен жүріп-тұру мүмкіндігіне ие болып, мектеп табалдырығын аттағандары да бар. 

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ «ХАЛЫҚТЫҚ КЕҢСЕ» ҚЫЗМЕТІНЕ 24197 АЗАМАТ ЖҮГІНГЕН

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ҚЫТАЙ ИНВЕСТОРЛАРЫ ШАРДАРАДА МАҚТА ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА НИЕТТІ

azatmedia

ШЫМКЕНТТІК 82 ЖАСТАҒЫ ҚАРИЯ САЙЛАУ УЧАСКЕСІНДЕ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

azatmedia