Қоғам

Бірлік пен достық – қоғам тұрақтылығының тірегі

Қоғамдағы тұрақтылық – кез келген мемлекеттің дамуындағы басты шарт. Тарихқа көз жүгіртсек, халық арасындағы татулық пен өзара түсіністіксіз ешбір елдің жетістігі баянды болмағанын көреміз. Ынтымақ бар жерде ғана экономикалық қуат артып, әлеуметтік прогресс пен халықаралық бедел нығаяды.

Бүгінгі таңда әлемнің әр түкпірінде алауыздық салдарынан әлсіреген мемлекеттер баршылық. Мұндай жағдайда Қазақстанның бірлік пен достықты мемлекеттік саясаттың өзегіне айналдыруы – халқымыздың тарихи тәжірибесінен бастау алған даналық шешім.

Қазақ халқының қонақжайлығы мен кеңпейілдігі – қоғамдық келісімнің мызғымас іргетасы. ХХ ғасырдағы ауыр кезеңдерде түрлі этностар қазақ жерінен пана тауып, жаңа өмір бастады. Бұл тарихи оқиға бүгінде ел ішіндегі татулықтың құндылығын айқын ұғындырды.

Тәуелсіз Қазақстан бүгінде 130-дан астам этнос өкілдерінің тату-тәтті өмір сүріп, ел дамуына үлес қосуына жағдай жасап отыр. Бұл – достықтың қоғамды біріктіріп қана қоймай, мәдениеттерді тоғыстырып, рухани байыта түсетінінің дәлелі.

Қазақстан халқы Ассамблеясы осы бірлікті нығайтып, этностардың мәдениетін сақтауға және мемлекет дамуына үлес қосуға мүмкіндік беріп келеді. Әлем елдерінің Қазақстан тәжірибесін этносаралық татулықтың үлгісі ретінде мойындауы – осының айқын көрінісі.

Саяси жүйелер өзгеруі мүмкін, экономика құбылады. Ал достық пен бірлік – уақыт сынынан өтетін мәңгілік құндылықтар. Сондықтан бірлікті сақтау – болашақты қорғау, достықты дәріптеу – бейбіт өмірді нығайту.

#МыВместе #PeaceAndHarmony #PeaceForAll #TogetherForPeace #ҚХА30жыл #АНК30лет #APK30years #АНК #ANK

Қатысты жаңалықтар

Жүрегіңе құлақ түр…

azatmedia

Отбасылық дәстүрлер және құндылықтар

azatmedia

В Шымкенте отметили День государственных символов

azatmedia