Қоғам

Ынтымақ пен татулық – елдің ең қымбат қазынасы

Қазақ халқының ғасырлар бойғы тарихына көз жүгіртсек, елдің еңсесін тіктеп, болашағын айқындаған басты құндылық – ынтымақ пен татулық екенін байқаймыз. «Бірлік бар жерде тірлік бар» деген дана сөз халықтың өмірлік қағидасына айналып, ұрпақтан-ұрпаққа аманат болып жетті.

Тағдырдың жазуымен қазақ даласына сан түрлі этнос өкілдері қоныстанды. Сол ауыр кезеңдерде қазақ халқы оларды жатсынбай, кең пейілмен құшағын ашты. Осындай бауырмалдық пен қамқорлықтың арқасында халықтар арасында сенімге негізделген достық пен келісім орнады. Бұл дәстүр бүгінге дейін жалғасып, еліміздегі ынтымақтың берік іргетасына айналды.

Бүгінде Қазақстан – жүзден астам этнос өкілі тату-тәтті ғұмыр кешіп отырған бейбіт ел. Бұл – халқымыздың кең жүрегінің, сондай-ақ мемлекетіміздің сарабдал саясатының нақты жемісі. Әрбір этнос өз ана тілін, мәдениеті мен дәстүрін сақтай отырып, ортақ Отанымыздың дамуына үлес қосып келеді.

Мемлекеттің тұрақты дамуы ең алдымен татулық пен сенімге сүйенеді. Татулық – адамдар арасындағы сыйластық, ортақ мақсатқа жетелейтін ынтымақ. Қоғамда келісім орнаған кезде ғана елдің әлеуметтік-экономикалық әлеуеті артып, мәдени жаңғыруына жол ашылады.

Қазақстан бүгінде бүкіл әлемге бейбітшілік пен бірліктің үлгісін көрсетіп отыр. Бұл – елдегі тұрақтылықтың, халықтың өзара түсіністігінің айқын дәлелі. Ішкі бірлік нығайған сайын еліміздің халықаралық беделі артып, Қазақстан жаһандық деңгейде бейбітшілік пен келісімнің символына айналуда.

Достық – халықтарды жақындастыратын, мемлекеттер арасындағы сенімді бекемдейтін алтын көпір. Сондықтан достық пен татулықты сақтау – тек мемлекетке ғана емес, әрбір азаматқа жүктелген қасиетті міндет.

Бірлік – болашақтың кілті, татулық – тұрақтылықтың тірегі. Осы құндылықтарды қорғап, дамыту – біздің ортақ парызымыз әрі келер ұрпаққа қалдыратын аманатымыз.

#МыВместе #PeaceAndHarmony #PeaceForAll #TogetherForPeace #ҚХА30жыл #АНК30лет #APK30years #АНК #ANK

Қатысты жаңалықтар

ОБРАЩЕНИЕ К РОДИТЕЛЯМ 

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ ҮШ ПРОВИЗОРЛЫҚ ОРТАЛЫҚ УАҚЫТША ЖҰМЫСЫН ТОҚТАТТЫ

azatmedia

Вейптен есірткіге дейін

azatmedia