Қоғам

Кәсіподақ қызметі – үлкен күш

Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Қызылжар ауылы, «Қызылжар жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Жұмасейіт Шынар Әбубәкірқызы.Әрбір мекемеде кәсіподақ комитеті жұмыс істейді. Негізінен кәсіподақ қызметі – үлкен күш. Бұл әлеуметтік маңызы бар ұйым.Кәсіподақ – еңбек адамдарының мұң-мұқтажын, мүдделерін, еңбек құқығының бұзылмауын қадағалап, оған әлеуметтік-экономикалық қолдау көрсететін басты ұйым. Елдегі жоғары жетістіктер мен жақсылықтарда кәсіподақ ұйымының қосып жатқан үлесі мол.

Ал кәсіподақ ұйымы қандай қызмет атқаратынын мектебіміздің көпжылдық тәжірибесі мен еңбек өтілі бар Жұмасейіт Шынар Әбубәкірқызы өте жақсы біледі, себебі өзі 2013-2017 жж. осы ұжымның төрағалық жұмысын жүргізген. Аталған ұйым әлеуметтік бастамаларға әрдайым қолдау білдіріп отырады. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларды қамқорлыққа алып, жалғызбасты аналарға қолдау көрсетеді. Жұмасейіт Шынар осы салаға кезінде етене жақын болғандықтан, әрқашан түйткілді мәселені шешуге, ұстаздар тарапынан түскен өтініш-талаптарды мүмкіндігінше заң аясында орындауға, әлеуметтік экономикалық мүдделері мен құқықтарын қорғауға ұмтылады. Сондай-ақ кәсіподақ ұйымы ұстаздың жасаған еңбегіне, парасатты сара жолына алғыс айтып марапаттаудан да еш айныған емес.

Шынар Әбубәкірқызы 1994 жылы Алматыдағы Абай атындағы Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірді. Университетті бітірген соң Түркістандағы С.Сейфуллин атындағы мектебіне орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі болып қабылданды. 1995 жылдан бері Ордабасы ауданында «Қызылжар» жалпы орта мектебінде орыс тілі мен әдебиет пәнінен сабақ беріп келеді. Мектеп ұжымында беделді, абыройлы ұстаз. Педагогикалық өтілі 30 жыл, категориясы- педагог-зерттеуші.Оқушыға саналы білім мен сапалы тәрбие бергені үшін жұмысы бағаланып, аудан, облыс көлемінде марапатталып, тәжірибесі облыс көлемінде таралған. Оқушылары жарыстарда жүлделі орындарға ие болып жүр.

Шынар Әбубәкірқызының жұмыс нәтижелері мынадай: -2018ж. «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал» тақырыбында облыстық тамыз кеңесінде белсенділік танытқаны үшін Мадақтама алды.-2018ж. «Зерделі» дарынды оқушылар порталынан Алғысхат.-2019ж. «Жас ұрпаққа білім мен тәлім-тәрбие беру жолында өз үлесін қосқаны үшін» АББ Алғыс хаты.-2019ж. Білім және ғылым қызметкерлер кәсіподағының Құрмет Грамотасы.-2019ж. Мұғалімдерге арналған Ұлттық Интернет Олимпиадасында ІІ дәрежелі Диплом, Алғыс хаттар пен Грамоталармен марапатталды.-2019ж. Мұғалімдерге арналған Дәстүрлі Интернет Олимпиада І дәрежелі Диплом,-2020ж. АББ Құрмет грамотасы.-2020ж. «Мектеп» республикалық ғылыми-әдістемелік журналында жарияланған сабағы «Үздік» деп танылып Алғыс хатпен марапатталды-2020ж. «Түркістан облысы әдістемелік орталығы» КММ-нен «Ең білімді педагог-2020» 1-орын.-2021ж.Білім және ғылым қызметкерлер кәсіподағының ҚұрметГрамотасы.-2021ж «Мұғалімдер пән олимпиадасы» Бас жүлде төсбелгісімен марапатталды.-2021ж. КИО, орыс әдебиетінен1-орын аудан көлемінде Грамота.-2021ж. Бейнесабақтар байқауында «Түркістан облысы әдістемелік орталығы» КММ Алғысхат-2021ж.«Алтын Қыран-ерекше дарын иесі» Алғысхат-2021ж.«Ыбырай жазулары»,аудан көлемінде 3 дәрежелі Диплом.-2021ж.«Үздік авторлық бағдарлама» 3дәрежелі Диплом.-2021ж.Облыс басқармасы «Алғысхат».-2021ж. Облыс көлемінде тәжірибе таратылуы «Оптимальные пути составлениея критериев оценивания и дескрипторов»-2022ж. «А.Байтұрсынұлы мұрасы:зерттеу, жүйелеу және насихаттау», ғылыми жоба байқауы , ААӘДБ 1дәрежелі Диплом.-2022ж. «А.Байтұрсынұлы мұрасы:зерттеу, жүйелеу және насихаттау», ғылыми жоба байқауы , Түркістан облысы АӘДБ 1дәрежелі Диплом.-2022ж. Сертификат «Білімленд» платформасында республикалық вебинар.-2023ж. Облыстық семинарда мастер- класс «Алғыс хат».-2023ж. Орыс ақыны Н.Заболоцкийдің 120-жылдығына орай мәнерлеп оқудан 2 дәрежелі Диплом, ААӘДБ-2023ж.Тәуелсіздік күніне орай «Құрмет грамотасы», ААӘДБ-2023 «ҚМЖ құрастыру», «Алғысхат» ААӘДБОқушыларының жетістіктері де аз емес. Атап айтқанда:-2018ж.аудандық «Алтын күз» мәнерлеп оқу байқауында белсендіқатысқаны үшін 11-сынып оқушысы А.Мырзахмет Мадақтамамен марапатталды.-2018ж.«Қабылданған дұрыс шешімдерім-менің ұстанымым» эсселер байқауында 10–сынып оқушысы Әдет Рахат 1-орын Мадақтамасысмен марапатталды.-2019ж. Оқушыларға арналған Ұлттық Интернет Олимпиадасында Ідәрежелі Диплом: А.Анаш,А.Махал, А.Ұзақбай,Д.Көлбай, Д.Нарботаев,ІІ дәрежелі Диплом: Р.Жарас, М.Әшімхан, Г.Бидалиева, Н.Жұмаділұлы, Е.Қозарбай.-2019ж.А.Құнанбайұлының 175 жылдығына байланысты мәнерлеп оқу байқауында жүлделі 3-орын Мадақтамасымен 10-сынып оқушысы махал Айжан марапатталды.-2021ж.КИО,8-сынып оқушысы Махал Асанбай1-орына уданда Грамота.-2021ж. «Русский медвежонок-языкознание для всех» 1- орын: Махал А(8кл), Жантасқызы Жания(6 кл), Алмахан А(10 кл).-2021 ж.Жеңіс күніне арналған эссе байқауы 9-сынып Махал Бексұлтан. 2 орын.-2021ж.«Алтын Қыран-ерекше дарын иесі» зияткерлік байқау 5-сынып оқушысы Құралбай Бақдаулет-1орын, 8-сынып Серікбай Камила-Бас жүлде.-2021 ж. «Зерде» конкурсының аудандық кезеңінде үздік ғылыми жұмыс 6- сынып оқушысы Кадирбек. А. 3 дәрежелі Диплом.-2023ж. Босмамбетов. Н. 10-сынып Диплом «Знаток русского языка», АББ. Үлгілі сабақ жоспарлары баспасөз беттеріне жарияланды, республикалық деңгейдегі кітапқа енді.-2015ж. «Лексико-фразеологические трудности поэтического текста» А.Махалдың ғылыми жұмысы, Жас ғалым журналы, № 8.-2016ж.«Роман «Евгений Онегин», Мәңгілік Елдің мәртебелі мұғалімі жинақ кітабында.-2018ж.«Имя существительное как часть речи», «Мектеп»журналы,№2.-2018ж.«М.Джалиль «Варварство», «Алтын үя» газеті,№04.-2020ж.«Не позволяй душе лениться», «Мектеп»журналы,№2.-2022ж. «Применение дистанционных технологий на уроках русского языка» статья, журнал «Педагогикалық шеберлік» № 2/05.-2023ж. «М. Булгаков «Собачье сердце», «Мектеп»журналы № 5-6.Шынар Әбубәкірқызының өмір ұстанымына айналған Николай Островскийдің мына сөздері – «Жизнь дается человеку один раз и прожить ее надо так, чтобы не было мучительно больно за бесцельно прожитые годы». «Адамға өмір бір рет беріледі және ол мақсатсыз өткізген жылдар үшін шыдамсыз азап тудырмайтындай етіп өмір сүруі керек». Бұл адамгершілікті жетілдіруге шақыру, жақсырақ және таза болуға, жақсы болуға деген көзқарас ретінде қабылдаймыз.Жұмасейіт Шынар Әбубәкірқызын да біз солай қабылдадық.

Қатысты жаңалықтар

«Денсаулық-байлықтан қымбат» ұранымен дөңгелек үстел өтті

azatmedia

Қазақтардың намысына тиген фильмнің жалғасы шықпақ: «Борат-2» туындысының түсірілімі басталды

azatmedia

«МАҚСАТЫМ – ҚАЗАҚ ҚОБЫЗЫНЫҢ ҚҰДІРЕТТІ ҮНІН ӘЛЕМ ЖҰРТЫНА ПАШ ЕТУ» – ДИАНА ФАХРУДИНОВА

azatmedia