Жаңалықтар

«ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, БАСТАУЫШ ҰЙЫМ?» АКЦИЯСЫ ӨТУДЕ

«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Түркістан облысы Мақтаарал аудандық комитеттің төрағасы Қасымбек Хаметов «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында Мақтаарал аудандық филиалына қарасты мекемелерде, атап айтқанда Еңбекші және Жамбыл ауыл округінің бастауыш кәсіподақ ұйымындарында кәсіподақ мүшелерімен кездесу өткізді.

Кездесулер барысында аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Қасымбек Хаметов қатысушылармен еңбек қатынастарын реттеу, еңбек шарты, ұжымдық шарт, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі бойынша кәсіподақ мүшелерінің және жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері және жауапкершіліктері туралы айтып өтті.Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» тапсырмасының орындалу барысына тоқталып, Адал азамат қандай болуға тиіс?- деген өзекті сұраққа өз көзқарасын білдірді.Жиын соңы сұрақ-жауаппен аяқталды.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТІК ЕРІКТІЛЕР ДӘРІГЕРЛЕРГЕ АЛҒЫС БІЛДІРДІ

azatmedia

Президент: «Қазақстан өзінің энергетикалық ресурстарын экспорттау бағыттарын әртараптандыруды көздейді»

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ МЕДИЦИНА САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР АЙТЫЛДЫ

azatmedia