Қоғам

КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ КЕЗЕКТІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЫН ӨТКІЗДІ

Кәсіподақ ұйымының негізгі жұмысы – ол еңбек адамының құқын қорғау.Осы ретте, «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төраға орынбасары Айдар Бахтыбаевтың кезекті қабылдауына келген Серік есімді азамат жұмыс орнындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау туралы сұрағымен жүгінді. Сонымен қатар, оны ұжымдық шарттардың сапасы мен оның орындалу мәселелері толғандырды.

Қабылдау барысында Айдар Бахтыбаев өтініш берушінің толғандырып жүрген жеке сұрақтарына толыққанды жауап беріп, еңбеккерлердің еңбек заңнамасына қатысты құқықтарының сақталуы ешқашан тыс қалмайтындығына сенім білдіріп, әрдайым кәсіподақ назарында екендігін ерекше атап өтті.

Өз кезегінде кәсіподақ мүшесі аумақтык кәсіподақ бірлестігінің әр қашанда кәсіподақ мүшелерінің құқықтарын қолдағаны және қорғағаны үшін өз алғысын білдіріп, осындай кездесулердің тиімділігін айтып өтті. 

Қатысты жаңалықтар

Ұлттық құрылтай: Президент пәрмені

azatmedia

Қоғам үшін қауіпті дерт

azatmedia

«СӘЛЕМ САЛУ – КЕЛІНДІК МІНДЕТІМ, ҮЛКЕНДЕРДІҢ БАТАСЫН АЛУ – МЕН ҮШІН МӘРТЕБЕ»

azatmedia