Қоғам Соңғы жаңалықтар

Дәмханаға барған астаналық 90 мың теңгеге жуық айыппұл төледі

Нұр-Сұлтанда Ashyq-та «қызыл» статусы бар тұрғын қоғамдық тамақтану нысанына барғаны үшін айыппұл салынды, – деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Оқшаулану режимін бұзғаны үшін Байқоңыр аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің мамандары тұрғынға қатысты әкімшілік кодекстің 425-бабының бірінші бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікті қарастыратын хаттама толтырды, оған сәйкес 87 510 теңгені (30 АЕК) құрайтын айыппұл салынды.

5 сәуірден бастап Ashyq жобасына қатысатын кәсіпкерлік нысандарында үй карантинін бұзған 4039 келуші анықталды. Оның ішінде «қызыл» статусы бар 1888 адам (коронавирус жұқтырған), 2151 адамның «сары» статусы бар (жақын байланыста болған).

Тек 11-27 маусым аралығында үй карантинін бұзған 491 адам анықталды («қызыл» статусқа ие, вирус жұқтырған – 247 адам, вирус жұқтырғанмен тығыз байланыста, «сары» статусқа ие – 244 келуші).

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті әкімшілік кодекстің 425-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы 4 хабарлама жасады.

Қатысты жаңалықтар

СЫЙҒА – СПОРТ АЛАҢШАСЫ

azatmedia

Кәмелетке толмаған қызды зорлаған күдікті түрмеден құтылып кетті

azatmedia

«Қытай жер сұраған жоқ, біздің басшылар «бізден алыңдар» деді» – желіде саясаттанушының пікірі қызу талқылануда

azatmedia