Жаңалықтар

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ САУРАН АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНДА ФРАКЦИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін «AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалында фракцияның кезекті мәжілісі өтті. Фракция мәжілісіне партияның аудандық филиалының төрағасы С. Асылбеков, фракция жетекшісі А.Раматуллаев, Сауран аудандық мәслихатының депутаттары, фракция мүшелері, «КазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ- ның Түркістан облысы бойынша филиалының өкілі Н.Қыдарбаев қатысты.

Фракциясының күн тәртібінде екі мәселе қаралды 1. Сауран ауданындағы су, электр, газбен жабдықтау және жылумен қамту нысандарының қазіргі жағдайы туралы «Сауран ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» басшысының м.у.а Асылбек Қанағаттың есебі2. «КазАвтоЖол» АҚ-ның Сауран аудандағы бірқатар өзекті мәселелерді талқылау.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша бөлім басшысының м.у.а Асылбек Қанағат аудан бойынша ауыз сумен қамтылған абонент саны – 13 071 екендігін атап өтіп, ауданды электр қуатымен қамту бойынша қазіргі таңда, 36 жоба әзірленіп, 21 жобаға сараптаманың оң қорытындысы алынғанын және аталған жобаларды қаржыландыруға республикалық бюджетке өтінім жолданатындығын жеткізді.

Сонымен қатар ауданды Газбен қамту бойынша Оранғай, Қарашық, Жүйнек ауылдық округтеріне магистральды газ құбырын салу құрылыстары республикалық бюджеттен қаржыландыру жұмыстары жүргізіліп, 2024 жылы Бабайқорған, Майдантал, Жібек Жолы ауылдық округтеріне магистральды газ құбырына жоба әзірленуге мемлекеттік сатып алу құжаттары рәсімделіп жатқандығын және Қосқорған, Бостандық, Еңбекші Дихан елді мекендерінің табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында, жобалар сараптамаға жолданғанын айтты. Осы және өзге де бірқатар жұмыстар жылу және тұрғын үй шарушалығы бойынша да атқарылып жатқандығын мәлімдеді. Мәжіліске қатысушылар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясына қатысты өзекті мәселелердің көп екендігін тілге тиек етіп, оларды біртіндеп шешуді ұсынды.

Атап айтқанда Оранғай ауылы Бостандық елді мекеніндегі ауыз судың сапасы сын көтермейтіндігін, ауылдарға жаңа трансформаторлар қойылғандығын, алайда, көп уақыттан бері іске қосылмай тұрғандығы сияқты мәселелерді шұғыл шешу керектігін ескертті. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының өкілі сөз алып, қазіргі таңда депутаттар көтерген Шорнақ ауылы маңынан мал өткелін салу мәселесі бойынша бүгінгі таңда ешқандай мүмкіндік болмай тұрғандығын баяндады. Себебі жер асты өткелін салсақ оны су басып қалу қауіпі болғандықтан тиімділігі жоқтығын жеткізді. Саурандықтар көтеріп жүрген Ескі Сауран қалашығына бұрылатын жол ашу мәселесі оң шешім тауып, конкурс жұмыстарының нәтижесінде жеңімпаз мердігер анықталып, жақын арада құрлысы басталатындығы туралы жақсы жаңалықты жеткізді. Фракция мүшелері ақылы жолдың сапасына көбірек көңіл бөлуді талап етті. Сонымен бірге аудан көлемінде жүретін, жүк көліктеріне арнайы тариф бекітілсе деген ұсыныстарын жеткізді.

Сонымен қатар депутаттардың осы жол мәселесі бойынша көтеріп отырған бірқатар сауалдарына жауап беріп, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарын баяндады. Өз кезегінде фракция мүшелері тарапынан күн тәртібіндегі екі мәселе бойынша тиісті қаулы қабылданып, атқарылған жұмыстар бойынша 1 ай көлемінде баяндауды тапсырды.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БАЛЫҚ ӨНДІРУДЕН КӨШ БАСТАП ТҰР

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ҚЫТАЙ ИНВЕСТОРЛАРЫ ШАРДАРАДА МАҚТА ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА НИЕТТІ

azatmedia

ТҮЛКІБАСТА ФРАКЦИЯ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ҚАТАРЫ КӨБЕЙДІ

azatmedia