Жаңалықтар

САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ЭТНОС ӨКІЛДЕРІНІҢ ЖҰМЫС БАРЫСЫМЕН ТАНЫСУ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

Бүгін Сарыағаш ауданында “Халықпен бірге” сайлауалды бағдарламаның “Қоғамдық келісімді сақтау және этносаралық кикілжіңдердің алдын алу мақсатында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың қатысуымен арнайы жиын өтті. Жиынды аудан басшысы Арман Абдуллаев жүргізіп отырды.

Аталған жиынға Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Н.Сейітжанов, Облыстық «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Э.Жанғазиева , этнос өкілдері, ауыл билері, ақсақалдар кеңесінің мүшелері, Аналар кеңесі, Әжелер алқасының мүшелері қатысты.Қазақстан Республикасы көп ұлтты мемлекет.

Қазақстан халқы Ассамблеясы 1995 жылы құрылып, этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстыра отырып, республикадағы тұрақтылықты сақтау мен елдегі татулық пен бірлікті нығайтуға айтулы үлес қосып келеді.

Этносаралық қатынастарды дамыту бағытында аудан көлемінде біршама жұмыстар атқарылып келеді. Осы ретте, жиын барысында жандандыру, дамыту бағытындағы атқарылған жұмыстар баяндалды.

Аудан басшысы өз сөзінде елімізде татулық, бірлік, келісім сынды құндылықтардың маңызы жыл өткен сайын артып келе жатқанын, мемлекетіміздің бағындырып келе жатқан белесі тұрақтылық пен бейбітшіліктің арқасында болса, оның негізі этносаралық келісім мен бірліктен бастау алатыны туралы тілге тиек етті.

Жиын соңында облыс әкімінің орынбасары этнос өкілдерінің жұмыс барысымен таныса отырып азаматтарымыздың экономикалық әлеуметтік әл- ауқатын арттыру және татулығы мен бірлігін, қоғамның қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ету басты қағидатымыздың бірі екендігін жеткізді.

«Игілік басы — ынтымақ, ынтымақты елде күншуақ» демекші, этносаралық мәдени бірлестігінің алдағы уақытта да өңірдегі өзге ұлт өкілдеріне деген игілікті істері көбейе түспек.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАННЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖАҚСАРТУ ЖҰМЫСЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

azatmedia

«ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ОҚУ СЕМИНАРЫНА ҚАТЫСУШЫЛАРҒА СЕРТИФИКАТ ТАБЫСТАЛДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТЫҢ РАПИД ЖӘНЕ БЛИЦ ТҮРЛЕРІНЕН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

azatmedia