Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 52 ЖАСТЫҢ БИЗНЕС-ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, биыл жастарға 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие беру жөнінде шешім қабылданған болатын. Аталмыш несиеге құжат қабылдау Түркістан облысында наурыз айында басталды. Облыс көлемінде 594 жас аталған бағдарламаның игілігін көруі тиіс. Ол үшін Түркістан облысына арнайы мемлекет қаржысынан 2,9 млрд. теңге бөлінді. 2023 жылдың 30 маусым күні шағын несие берудің комиссия отырысы өткізіліп, 62 жас өтінім тапсырған болса, соның ішінде 52 жас өз бизнес-жобасын қорғады.Комиссия мүшелерінің мәлімдеуінше, жобалардың басым көпшілігі мал шаруашылығына бағытталып отыр. Облыс әкімі Дархан Амангелдіұлы өз сөзінде жергілікті аумақтардың ерекшелігін негізге ала отырып, түрлі сала қамтылуы керектігін ескерткен болатын. Бұл ретте, ұсынылған бизнес жобалар арасында жаңа идеяларын қорғаған жастар саны артып келеді.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: КӘСІПКЕРЛІКТІ ЖАНДАНДЫРУ МАҚСАТЫНДА ОБЛЫС ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚЫТАЙҒА ІССАПАРМЕН БАРДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АСА АУЫР ҚЫЛМЫС САНЫ АЗАЙҒАН

azatmedia

Шардарада 80 отбасы баспаналы болады

azatmedia