Жаңалықтар

Шымкент қаласы әкімінің прессегі ашуланса, «ұрып жібермей ме?»

Журналист

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз хатшысының әлеуметтік желідегі әрекеті дау туғызды, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

«Оңтүстік Қазақстан» газетінің басшысы Абай Балажан фейсбук желісінде Шымкент қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Арай Есенбектің сұрақтарына жауап бермей, әлеуметтік желіде блокқа тығып тастағанын жазды.

Бірақ қаланың баспасөз хатшысы артынша журналистті блоктан шығарып, бұл ісінің себебін түсіндіріп жазып жіберген. Оның айтуынша баспасөз хатшысы әлеуметтік желіде ұрсысып қалудан қорыққан.

Абай Балажан «Арай Есенбек- ресми тұлға! Қала әкімінің баспасөз хатшысы. Сонда әкімнің баспасөз хатшысы бірнәрсеге ашуланып отырғанда журналист сұрақ қойса, оны банға тыға сала ма? Ал, бетпе-бет отырып сұрақ қойсаң, прессек ашуланып отырса, өзі қарулы жігіт, ұрып жібермей ме? Ойлаудың өзі қорқынышты» дейді.

Сонымен қатар постта баспасөз хатшысының позициясы әкім мен әкімдіктің позицисы екені және оның бұл әрекеті тікелей әкім мен әкімдіктің әрекетіне баланатыны да жазылды.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ 4 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМҒА НЕСИЕ БЕРУ ЖОСПАРЛАНҒАН

azatmedia

ХАЛЫҚТЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСЫП КЕЛЕДІ

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ ТАЗАРУ КҮНІНДЕ 1 МЫҢНАН АСТАМ ТҮП АҒАШ ЕГІЛДІ

azatmedia

Пікір қалдыру