Басты жаңалықтар Жаңалықтар Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БАҚЫЛАУЫНА АЛЫНДЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров өңір тұрғындарын жеке қабылдап, өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Қабылдау барысында тұрғындар жер, тұрғын үй, кәсіпкерлік салаларына қатысты бірқатар өзекті мәселелерді көтерді.

Түркістандық тұрғындар Жаңа қала аумағында орналасқан 20 қабатты тұрғын үйдің сапасына қатысты мәселелерді ортаға салып, ретке келтіру бойынша жұмыстарды жеделтетуді сұрады. Сондай-ақ, Түркістан қаласының тұрғыны жеке кәсіп ашу үшін жер қарастыру бойынша өтінішін жеткізді. Одан бөлек, азаматтар Төлеби ауданын аумағындағы демалыс аймақтарындағы жер және заңсыз құрылыс мәселелерін қозғады.

Нұралхан Көшеров әрбір өтінішті мұқият тыңдап, көтерілген мәселелердің маңыздылығын атап өтті.

«Халықтың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыру – біздің басты міндетіміздің бірі. Тұрғындар көтерген әрбір мәселе назардан тыс қалмайды. Тұрғын үй сапасына қатысты жауапты мердігерлердің жұмысы бақылауға алынады. Демалыс аймақтарында жерді заңдастыру, заңсыз құрылыс деректері бойынша тиісті тексеру жұмыстары жүргізілуде. Заң аясында шешім қабылданады. Шағын жеке кәсіп ашу жобасы кеңесте қаралады», деді облыс әкімі. Қабылдау қорытындысы бойынша жауапты басқармалар мен аудан әкімдеріне нақты тапсырмалар беріліп, мәселелердің орындалуы бақылауға алынды.

Қабылдау барысында тұрғындар көтерген мәселелер бойынша нақты мерзімдер белгілеу, жауапты мамандардың атқару жоспарын жасау және орындалуын жүйелі бақылау қарастырылды. Әкім тұрғындарға тиісті шешімдер қабылданғанға дейін тұрақты кері байланыс орнатылатынын жеткізді.

Сонымен қатар, жеке кәсіпкерлік пен шағын бизнес саласын дамыту мәселелері ерекше назарда болды. Тұрғындардың бизнес идеяларын қолдау, жер учаскелерін беру және инфрақұрылымдық қолдау көрсету бойынша нақты ұсыныстар талқыланды. Бұл шаралар өңірдегі кәсіпкерлік белсенділікті арттыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған.

Қабылдау соңында Нұралхан Көшеров тұрғындардың арыз-шағымдарын қарау процесінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін арнайы электрондық жүйелерді қолдануды тапсырды. Бұл жүйе арқылы әрбір өтініштің статусы қадағаланып, шешім қабылдау барысы тұрғындарға ашық түрде хабарланып отырады.

Жалпы, тұрғындарды жеке қабылдау тәжірибесі халықпен тығыз байланыс орнатуға, жергілікті мәселелерді жедел шешуге және әлеуметтік сенімділікті арттыруға мүмкіндік беретін тиімді механизм болып отыр.

Қатысты жаңалықтар

Келесте мал шаруашылығы кең өріс алуда

azatmedia

Мұғалімдердің еңбекақысы 25 пайызға артады

azatmedia

Мемлекеттің зайырлы дамуы: діни және этномәдени тұрғысы

azatmedia