Жаңалықтар

АНАЛАР КЕҢЕСІ ҚОҒАМНЫҢ БЕС КЕСЕЛІМЕН КҮРЕСУДІ КӨЗДЕЙДІ

Түркістан қаласындағы «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің отырысы өтті. Жиынға облыстық ҚХА жанындағы қалалық, аудандық Аналар кеңесінің төрайымдары мен облыстық этномәдени бірлестіктердің Аналар кеңесінің төрайымдары қатысты, деп хабарлайды «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған anyqtimes.kz ақпараттық агенттігі.

Жиынға Түркістан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Гүлсара Тоққұлова модераторлық етті. Алқалы басқосуда сөз алған «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының уақытша міндетін атқарушы, «AMANAT» партиясы жанындағы Әйелдер қанатының облыстағы әйелдердің құқығы мен мүмкіндігін кеңейту мәселелері жөніндегі кеңесшісі, облыстық мәслихат депутаты Қалыйма Жантөреева көпбалалы отбасылардың басым бөлігі шоғырланған оңтүстік өңіріндегі отбасыларды, ана-мен бала құқығын қорғау үлкен маңызға ие екенін атап өтті. Аталған тақырыптар төңірегінде еліміздегі оң өзгерістерді, отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейту және еңбектегі кемсітушілікті жою үшін кешенді шаралар қабылданып жатқанына тоқталды. Сонымен бірге, өткен жылдың соңында партия жанынан қыз-келіншектердің көшбасшылығын дамытуды көздейтін «Әйелдер қанаты» ұйымының құрылғанын, оның бағыттары жөнінде атап өтті. Ұйымның облыстағы алғашқы форумы да «Зорлық-зомбылықсыз қоғам» тақырыбына арналғанын, онда тақырып аясында маңызды талқылаулар болғанын тілге тиек етті. Осынау тақырыптың әлі де маңыздылығы жойылмағанын айтты.

Айта кетейік, өңірімізде әйелдер қауымы барлық салаларда жемісті еңбек етуде. Облыстың шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің 32 пайызында әйел азаматтары жетекшілік етеді. Қазіргі таңдағы жағдай бойынша Түркістан облысындағы 5 600-ден астам мемлекеттік қызметшінің 27 пайызын нәзік жандылар құраса, оның 244-і немесе 15 пайызы басшылық лауазымдарды атқарады. Өңірдегі 82 мыңнан астам партия мүшелерінің 66 пайыздан астамын – әйелдер құрайды. Облыстық мәслихаттағы 13 мандатты қыз-келіншектеріміз иеленген.

Басқосуда «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Эльмира Жанғазиева қоғамдағы аналардың рөлі мен жауапкершілігі және ұрпақ тәрбиесі туралы сөз қозғап, Мемлекет басшысының ҚХА сессиясында берген тапсырмаларының орындалу барысына тоқталды.Сондай-ақ, жиында ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Гүлсара Тоққұлова «Салауатты сана» жобасы аясында қоғамның бес кеселімен жүйелі күрес жүргізу, оның алдын алу және болдырмау жолдарына жасалған жоба-жоспармен таныстырды. Басқосу ары қарай сұрақ-жауап түрінде өрбіп, жиынға қатысушылар өзекті мәселелер төңірегінде өзара пікір алмасып, ойларын ортаға салды.

Қатысты жаңалықтар

«ТАЗА БЕЙСЕНБІ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА АРЫС ӨЗЕНІНІҢ ЖАҒАЛАУЫ ТАЗАРТЫЛДЫ

azatmedia

АКИМ ШЫМКЕНТА СДЕЛАЛ СВОЙ ВЫБОР НА ВЫБОРАХ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ АБАТТАНДЫРУ, САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҒЫН ЖАҚСАРТУ ЖҰМЫСТАРЫНА СЫН АЙТЫЛДЫ

azatmedia