Жаңалықтар

АҚ НИЕТТІ, КЕҢ ЖҮРЕКТІ АНАЛАР МАРАПАТ АЛДЫ

«Аналар» республикалық қоғамдық журналының бас редакторы Ажар Момбектің ұйымдастырумен Түркістан қаласындағы «Ұлы Дала елі орталығында» «Тәуелсіздіктің бесігін тербеткен аналар» тағлымды кеші болып өтті. Ұлттың айнасы, елдің ұйытқысы, үйдің берекесі мен шаруаның несібесі болып танылған ғазиз аналардың қадір-құрметін арттыруға арналған өнегелі іс-шара осымен екінші мәрте өткізілді, деп хабарлайды «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған anyqtimes.kz ақпараттық агенттігі.

Аналарымыздың ел еңсесін тіктеуге, қуатын арттыруға, шуақты күндерін қамтуға қосқан қомақты үлесін паш етіп, өнегелі үлгі ретінде жұртшылыққа таныстыру ниетімен өткізілген іс-шарада еңбегімен еленген, қоғамдық белсенділігімен танылған бірқатар Аналарға «Домалақ ана», «Ұмай ана», «Қарашаш ана», «Гауһар ана» төсбелгілері табысталды. Сондай-ақ іс-шара барысында «Аналар» республикалық қоғамдық журналының бастамасымен шығарылған, облысымыздың әр салаларында жемісті еңбек етіп, жұртшылығымыз тарапынан қадір-құрметке бөленген 300-ге жуық ардақты Аналарымыздың өрнекті ғұмыр жолы тізбектелген кітаптың таныстырылымы өтті.

Айтулы іс-шараға «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының уақытша міндетін атқарушы, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Қалыйма Жантөреева қатысып, қоғамдық белсенділігімен танылған бірқатар Аналарымызға партияның өңірлік филиалы жанындағы Әйелдер қанатының атынан ризашылығын білдіріп, Алғыс хаттар табыстады.

Аманаттық өкілдер жер бетіндегі жақсылық, ізгілік, қайырымдылық атаулының бәрі Ананың ақ сүтінен тарайды деп санайды және Қазақ елінің бүгінгі жетістіктерінің бастауында әрбір Ананың жүрегінен тараған мейір-махаббаттың шуағы бар деп біледі. Елінің ұйытқысы, халқының қамқоршысы болған ғазиз Аналардың тәрбиесін көрген тәуелсіз елдің адал ұрпағы, мемлекетшілдік рухы мықты нағыз отаншыл азаматтар шоғырын қалыптастырады деген зор сенімін білдіреді.

Қатысты жаңалықтар

«Мама, рөлге неге отырдың?!» – елорда маңында болған жол апатының видеосы тарап кетті

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ЭТНОСАРАЛЫҚ ШИЕЛЕНІСТЕРДІҢ ШЫҒУ СЕБЕПТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ЖАН-ЖАҚТЫ САРАПТАЛДЫ

azatmedia