Қоғам

Улы газ – адамдар үшін өте қауіпті

Улы газ (тұншықтырғыш газ)- адамдар үшін өте улы. Онымен улану денсаулыққа айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін жəне өлімге əкелуі мүмкін!

Улы газ жану кезінде оттегінің жетіспеушілігінің салдарынан пайда болады.

Улы газдың пайда болу себептері:

  • бітелген мұржа немесе түтін шығу қаупі бар мұржа
  • пеш жапқышын уақтылы жаппау, таза ауаға жеткіліксіз қол жетімділік, нашар тарту
  • пеште немесе алды ашық пеште (каминде) жанатын отын
  • пештің жылу алмастырғышындағы жарықтар
  • қосалқы үй-жайларда грильде тамақ дайындау
  • су жылытқыштың коррозияланған немесе ажыратылған желдету құбыры
  • тұрмыстық газдың оттегі жетіспеушілігі жəне нашар желдету жағдайларында жануы
  • өрт (адамның өрт ошағында болуы)
  • өшірілмеген көлік
  • кез-келген оттың ауа ағымы жоқ жабық жайда жануы

Улы газдың иісі жоқ, сондықтан оны тану өте қиын!

Улы газбен уланудың белгілері (бірден бірнеше симптомға дейін болуы мүмкін): бас айналу, бастың ауыруы жəне пульсациясы, бас ауруы, жүрек айну, құсу, құлақтағы шу, тұншығу, ентігу, жөтел, жас аққан көздер, шаршау, бағытты жоғалту, естен тану.

Улы газбен улану кезіндегі алғашқы көмек:

Жеңіл улану кезінде (бас айналу жəне жүрек айну) – зардап шегушіні улы газдың əсер ету аймағынан тез шығарып, таза ауаның келуін қамтамасыз ету керек (желкөздер мен есіктерді ашу).

Егер зардап шегуші есін білсе – мүсəтір спиртін иіскетіп, денесін ысқылап, ащы шай немесе кофе ішкізіп, жедел жəрдем шақыру керек.

Егер жәбірленуші ес – түссіз болса – жедел жəрдем келгенге дейін дереу жасанды тыныс алуды бастау жөн4

Улы газдың ең қорқынышты қасиеті оның ешқандай иісі жоқтығында, демек ауада оның буының бар-жоқтығы арнайы жабдықсыз анықтау қиынға соғады. Ал ол кез-келген жерде пайда болуы мүмкін. Бұл үшін кез-келген жану процессінің болуы жеткілікті. Егер жану ошағының жанында оттегінің қоюлануы жеткіліксіз болса, онда улы газдың қалыптасуына барлық мүмкіндік бар. Улы газбен улану күтпеген жерде болады, себебі зардап шегуші біраз уақыт оның буымен тыныс алғанын мүлдем сезбейді.

Улы газбен уланудын белгілері: бастың айналуы және бастың ауруы, сананың бұлдырауы, тұншығу, бұлшық еттердің әлсіреуі, құлаққа шудың естілуі, лоқсу, құсу, ұйқышылдық болып табылады. Кейде керісінше, аз уақытқа қозғалыстың белсендеуі, артынан қозғалыс үйлесінің бұзылуы, сандырақтау, галлюцинация, естен тану, тырысу, ессіз күй тыныс алу орталығының сап болуынан қаза болу. Егер зардап шегушінің тыныс алуын дер кезінде таза ауамен қамтамасыз етпесе, оның қайтыс болуы әбден мүмкін.  Улы газбен қатты улану оқиғадан кейін 15-20 күн өткеннен кейін де өзі туралы жағымсыз түрде еске салуы мүмкін.

Улы газдың ең кең таралған көздері-пайдаланылған газды шығаратын газ және май пештері, қатты отынмен жанатын пештер, газ құралдары, су жылытқыштары мен қозғалтқыштар. Пештердегі сызаттар, бітелген түтіндік, шығырланған құбырлар улы газдың тұрғын бөлмелерге таралуына әкеліп соғуы мүмкін. Пешке таза ауаның жеткіліксіз кірмеуі де үйдің ішінде улы газдың жиналуына әсер етеді. Үйлердің тар құрылыстары да улы газбен улану қауіпін жоғарылатады, себебі еркін желдетуді қамтамасыз етпейді.

    Улы газбен уланудың алдын алу үшін келесі шараларды сақтау қажет:

  –  жылыту маусымы қарсаңында үйдегі пештерді тексеру және жөндеу;

  –  барлық түтіндік құбырлары мен олар өтетін қабырғаларды әктеу;

  –   тұрақты түрде, кем дегенде екі айда бір рет түтіндіктер мен пештерді ішінде жиналған күйеден тазарту;

  –  пешті пайдаланған кезде көмір толық жанбағанша жапқышты жаппау;

  –   көмірді үй ішіндегі  алауошаққа жақпау;

  –   үйді  жылыту үшін газ плитасын, пештерін пайдаланбау;

  –   газ құралдары пайдаланатын бөлмелерде ұйықтамау;

  –   газ құралдарын  қолданған кезде ауа сорғышты орнатып, қосу.

  –  газ құралдары орнатылған бөлмелерді әрқашан желдету;

Тұрмыста жоғарыда аталған ұсынымдарды сақтасақ, біз адамдардың улы газбен улану оқиғаларына жол бермейміз және жеке тұрғын үй секторында тұрмыстық өрттердің санын айтарлықтай қысқартамыз.

Назар аударыңыз! Улы газбен жеңіл улану жағдайында да зардап шегушіні жағдайы толық қалпына келгенше қараусыз қалдырмаңыз жəне қажет болған жағдайда жедел жəрдем шақыруға дайындалыңыз.

Жедел жәрдем шақыру үшін 103 нөмірін теріңіз.

Құтқару қызметіне қоңырау шалу үшін 112 нөмірін теріңіз.

Қатысты жаңалықтар

Қозғалыстардың саяси партиялардан негізгі ерекшелігі

azatmedia

Қазақстан ауған босқындарын қабылдайды ма – СІМ түсініктеме берді

azatmedia

Масылдық та дерт

azatmedia